• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Айдар ишан мен Сәттіғұл Жанғабылұлына арналып ас берілді

15 қазан күні, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дін қайраткері Айдар ишан Шайхыисламұлы мен жыр дарабозы Сәттіғұл Жанғабылұлы кесенесінің қайта жаңғыртылуына байланысты салтанаты шара болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай, ақын Светқали Нұржан және Айдар ишанның ұрпағы Орынжан Әбдіжаппаров пен аймақ тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы бұл рухани шараның маңызын ерекше екенін атап өтті.

-Ата-баба рухына арнап ас беру – ата салтымыз, қазақ халқында ежелден қалыптасқан үрдіс екені белгілі. Қиындықтан тайсалмаған сол ерлердің мұрасын жаңғырту, рухына дұға бағыштау – артында қалған біздің парызымыз. Ұрпағының жарқын болашағы үшін тер төккен асыл бабалардың ерен еңбектері жадымызда мәңгіге қалмақ. Олардың еңбегін тарих қойнауынан ашып көрсетіп, насихаттау – бізге жүктелген міндет болмақ. Бүгінгі осы шара да ел үшін өлшеусіз еңбек еткен тұлғаларды еске алуға арналып отыр. Адамның өмірі өзгелерге жүрек жылуын арнап, еліне қызмет еткенде ғана үлкен мәнге ие болады. Еліне қызмет ете алатын тұлға мыңнан бір адам ғана туылады. Ондай адамдар өмірден өткен соң да өзінен кейінгілерге шамшырақ іспеттес болып жарқырап қала бермек.
Бүгін ас беріліп жатқан «қос бәйтерек» сияқты тұлғалар – халқы үшін аянбай тер төгіп, елін рухани байлыққа жетелеп, көкірек көзін ашсам деп өткендер. Осындай ағартушы тұлғаларға арнап беріп жатқан бүгінгі ас, ниеттеріңіз қабыл болсын дегім келеді, ұйымдастырушыларға ерекше алғысымды айтамын, - деді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.

Бұл шара Айдар ишан Шайхисламұлы және Сәттіғұл жыраудың ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті.

Аста зерттеушілер тарапынан ишан Айдар Шайхыисламұлының Тұщықұдық мекенінде мешіт салып, шәкірт тәрбиелеп қана қоймай ұста да болғаны айтылды. Қазір ол жасаған дүниелер мен құралдары ұрпақтарында сақтаулы.

Сәттіғұл ақын 15-16 жасынан айтысқа түсіп, ақын атанған. Абыл мен Нұрым, Қалнияз бен Қашаған ақындардың дәстүрін жалғастырды. 1898 және 1910 жылы жұт сұрапылы мен 1916 жылғы патша жарлығы кезіндегі бұқара халін толғаған. “Досан” батыр жыры патша езгісіне қарсы күрес туралы. Ол Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болды (1937), Мәскеуде өткен бүкілодақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қатысушысы болған. 1961 жылы Қазақ КСР жарлығымен “Халық ақыны” атағы берілді.

Рухани астың жалғасы палуандардың күресі және театрландырылған қойылым секілді шаралармен жалғасты. Мерекелік алаңда күрес жеңімпаздарын марапаттау да болды.

Ауыл алаңында 50 ден аса шабандоздар қатысқан ат бәйгесі де болды. Бас жүлдені ақтаулық Алмас Абдулданов алды.

  • 19.10.2022
  • 223
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика