• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан 1-ші республикалық чемпионат Жаңаөзенде өтті

16 қазанда Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда дәстүрлі садақ атудан әр түрлі жас санаттары арасында алғаш рет I Республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мұндай чемпионат елде алғаш рет өткізілуде. Дәстүрлі садақ ату сайысына еліміздің әр өңірінен 200-ден астам садақшы қатысты.

Чемпионатқа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

- Құрметті спорт сүйер қауым, баршаңызды садақ атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы 1-ші Республикалық дәстүрлі чемпионаттың ашылуымен құттықтаймын! Осы жарысқа еліміздің басқа облыстарынан келген қонақтарға, спортшыларға қош келдіңіздер дегім келеді. Маңғыстау ежелден салт-дәстүрді берік ұстанған, сыр мен ғажайыптарға толы киелі өлке саналады. Соның бір дәлелі – тәуелсіз елде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздарының ерлігі. Мемлекет басшысының еліміздің әрбір азаматы рухани, білімді, бәсекеге қабілетті болуы керек деген тапсырмасы аясында спорт кешендері салынып, жөндеуді қажет ететіндері күрделі жөндеуден өтуде. Әсіресе, соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасатын болады. Ата-бабадан қалған қаруды спорттық мақсатта пайдаланып, осы спорт түрімен айналысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс жолында табандылық тілеймін, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Облыста дәстүрлі садақ ату спортымен 400-ге жуық спортшы айналысады. Оның ішінде 10-15 спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда облыс намысын лайықты қорғап жүргендер.

– Дәстүрлі садақ ату Қазақстанда 90-жылдары басталды. Соңғы 4-5 жылда бұл спорт түрі ұлттық дәрежеге көтерілді. Бүгінгі чемпионат Маңғыстау облысында алғаш рет өтуде. Қазір бұл спортқа мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт түрімен 7 жастағы бала да, 70 жастағы қария да айналыса алады. Бұл спорт әлі де өзінің лайықты орнын алады деп ойлаймын. Бүгінгі жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз, ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз де. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары екінші орын алды. 35 елдің ішінде Қазақстан екінші орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды, – дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық
есепте 1-орынды Шымкент қаласының мергендері
алса, 2-орынды Абай
облысының мергендері алды. Ал, 3-орын Жетісу облысының
мергендеріне бұйырды.
Сондай-ақ,
әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздік
мергендер анықталып, оларға да ақшалай сыйақы
табысталды.
Ашық аспан астында өткен спорттық шараны 2500-ге жуық көрермен тамашалады.

  • 19.10.2022
  • 214
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика