• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында биылдың өзінде 12,2 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 239 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін 475 жұмыс орнын құрумен 18,7 млрд теңгеден астам сомаға 9 жобаны іске қосу жоспарлануда.

2022 жылы Маңғыстау ауылында жеке кәсіпкер Сармурзина 30 жаңа жұмыс орнын ашу арқылы жабық азық-түлік базары мен көкөніс қоймасын іске қосты. Нысанның сыйымдылығы 2500 тоннаны құрайды. Мемлекеттің қолдауымен 30 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

Сонымен қатар, кәсіпкер ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап «Дина» гипермаркетінде көкөніс сақтайтын қойманы жалға береді. Қазіргі таңда 25 бутиктің 3-еуін кәсібін бастағандар жалға алып отыр. Жоба арқылы жалпы сомасы 83 миллионды құрайтын 90-ға жуық жұмыс орны ашылды.

Сәнім Абдуллаева 2021 жылдың аяғында Басқұдық ауылында ауданы 1 гектар жылыжай кешенінің құрылысын бастады. Ал, «Абдуллаева» жылыжайы 2022 жылдың мамыр айында жұмысын бастады. Жоба құны - 500 млн теңгені құрады, 10 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкер 28 млн теңге несие алып, сонымен қатар «Каспий» ӘКК бірлескен жобасы аясында 20 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Инфрақұрылым сумен, газбен, жарықпен қамтамасыз етілген. Құрылыс материалдары Ресей мен Алматыдан алынды. Бұл жылыжайда 0,5 га жерге қияр, 0,5 га жерге қызанақ өсіріледі. Дайын өнім «Асар-С» базарында және басқа да сауда орындарында қолжетімді бағамен сатылуда. Бүгінгі таңда 140 тоннадан астам өнім шығарылды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы басқармасы 4 тонна тыңайтқышқа 50 пайыз субсидия бөлді. Сондай-ақ, заң аясында жылыжай салу құнының 25 пайызын субсидиялауға құжаттар ресімделуде.

Биыл Маңғыстауда алғашқы визит орталығы есігін айқара ашты. Бір мезетте жүз адамға дейін қабылдай алатын «Сартас» визиттік орталығы Таушық ауылынан 32 шақырымдай жерде, Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол Жығылған, Саура, Тамшалы, т.б. орындарға барар жолдың бойында бой көтерді. Айта кетерлігі, туристер орталығын жергілікті кәсіпкер Ербол Байжігітов өз қаражатына салған. Жобаның құны - 248 миллион теңге.

Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында «Стил Трейд-НС» ЖШС-нің болат құбырларды оқшаулайтын жаңа өндірістік цехы ашылды. Жоба облыстың мұнай-газ саласының кәсіпорындарына өнімді өткізуге бағытталған. Полиэтиленді жабынды қолданатын бұл кәсіпорын жылына 24 мың тонна болат құбыр шығарады, сонымен қатар жылына 5 500 тонна болат құбырды оқшаулау қызметтері көрсетіледі. Жоба құны - 800 млн теңгеден асады. Жоба арқылы 30-дан астам жұмыс орны ашылды. «Стал-Трейд» компаниясы Қазақстан нарығындағы құбыр өнімдерін шығаратын ірі өндіруші және жеткізуші мекеме болып табылады.

Сондай-ақ биыл облыста Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында «Altyn Food» жаңа супермаркеті ашылды. Жалпы ауданы - 4500 ш.м, оның ішінде сауда алаңы 1500 ш.м. Инвестиция көлемі - 364 млн теңге, ашылған жұмыс орындарының саны - 60.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сәйкес 2022 жылы Жаңаөзен қаласында медициналық орталық пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратта барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтар бар.

Жалпы құны - 9,8 млрд теңге, медициналық пункт 50 төсек орынға есептелген. Құрылған жұмыс орындары – 32.

Биылғы жылдың ортасында тағы бір медициналық орталық пайдалануға берілді. «Ясин» медициналық орталығы» Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында орналасқан. Жобаның құны - 350 млн. теңге, 52 жұмыс орны ашылды, медициналық пункттің күніне 1000 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар.

  • 19.10.2022
  • 218
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика