• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік банк өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Вашингтонға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі- Дүниежүзілік банктің Қазақстан атынан басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ-ның Еуропа және Орта Азия аймағы бойынша Вице-президенті Анна Бьердемен кездесті.

Министр елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтты.

Соның ішінде бюджет-салық саласындағы жаңашылдықтар, экономиканы декарбонизациялау және инвестициялық ахуалды жақсарту.

Өз кезегінде А.Бьерде ханым қабылданып жатқан шараларға жоғары баға беріп, олардың уақтылығы мен маңыздылығын атап өтті. Кездесуге қатысушылар әлемдік экономикадағы ағымдағы ахуалды да талқылады.

Келіссөздер соңында тараптар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын талқылап, маңызды мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыру бойынша реформалар матрицасы әзірленіп жатыр. Қазіргі жағдайда бұл жоба ел үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, Ә.Қуантыров Көпжақты инвестициялық кепілдік агенттігінің (MIGA) Операциялық мәселелер жөніндегі Вице-президенті Джунаид Камал Ахмадпен кездесті.

Ұйым өкілдері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын білдірді.

«Қазақстан халықаралық серіктестер үшін әрқашан ашық, бұл ретте ағымдағы жаһандық сын-қатерлерді, соның ішінде логистикалық тізбектердің үзілістерін ескеру қажет», - деді ҰЭМ басшысы.

Министр еліміз үшін климаттық күн тәртібінің маңыздылығына назар аударып, инвестицияларға мұқтаж бағыттарды атады. Олардың қатарында инфрақұрылымды дамыту мен «жасыл» экономика.

Әңгіме барысында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның қарызын сақтандыру арқылы қолдау мәселесі де талқыланды. Қазіргі таңда бұл сұрақты Дүниежүзілік банк мамандары зерттеп жатыр. Өз тарапынан, MIGA ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға әлеуетті қолдауды және ҚТЖ-ның жаңа «жасыл» инвестицияларды қарастыруда. Несиенің сапасын арттыруға бағытталған шаралар ұлттық компанияға бәсекеге қабілетті бағамен және мемлекеттік кепілдіктерсіз қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров Адами капиталды дамыту жобасы бойынша жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты.

Іс-шара Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасстың және ДБ адами ресурстарын дамыту жөніндегі Вице-президенті Мамта Муртхи төрағалығымен өтті.

Экономикалық ведомстволардың басшылары адам әлеуетін дамыту бағыты бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, шара барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсету, халықтың осал санатын жұмыспен қамтамасыз ету, ШОБ-ты дамыту үшін жағдай жасау жөнінде жүйелі шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Өз кезегінде, М.Муртхи ханым Қазақстан әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық бастамаларға ерекше назар аудара отырып, ДБ-ның адами капиталды дамыту жөніндегі жобасына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

  • 20.10.2022
  • 239
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика