- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрі «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу туралы айтты
2022 жылғы 21 қазанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде «Тарифті инвестицияларға айырбастау» атты генерациялау секторында жаңартылған тарифтік саясатқа көшудің қалай өтетіні туралы айтты.
2021 жылдан бері жалғасып келе жатқан электр энергиясының тапшылығы отандық энергия көздерінің моральдық ескірген жабдықтарының авариялық істен шығу жағдайларының жиілеп кетуінің салдары болып табылады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда авариялық тоқтап қалулар саны 22% - ға, ал олардың ұзақтығы 16% - ға артты. Бүгінгі таңда генерациялаушы қуаттардың тозуы шамамен 60% құрайды.
Брифинг барысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов тұтынудың рекордтық өсуі аясында қалыптасқан ахуал мен саланың дамуын тежейтін факторлар болашақта елдің энергетикалық тұрақтылығына елеулі қатер төндіруі мүмкін екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін елімізде электр энергиясына шекті тарифтерді енгізе отырып, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы жұмыс істеді. Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында 1,2 ГВт жаңа қуаттарды енгізу және 1,7 ГВт қуаттарды қалпына келтіру арқылы орташа мерзімді қуат резерві құрылды.
Қазір «Тарифті инвестицияларға айырбастау» атты генерациялау секторындағы жаңартылған тарифтік саясатқа көшу міндеті жыл сайынғы инвестицияларды 3 есеге ұлғайта отырып, тариф белгілеудегі тәсілдерді трансформациялау жолымен 2035 жылға қарай генерациялаушы қуаттардың тозуын 15% - ға төмендетуге қол жеткізу болып табылады. Жаңартылған модельдің маңызды бөлігі – қолданыстағы қолдау тетіктерін және нарық тарапынан кері міндеттемелерді күшейту болып табылады.
Электр энергиясына тарифтерді тежеу жөніндегі қазіргі саясатта инфляцияның өсуі толық көлемде ескерілмеген, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына да әсер етеді, өйткені энергетикалық кәсіпорындардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляция деңгейіне индекстеуді көздейтін болжамды тарифтік саясат қажет.
Қазіргі қолданыстағы электр қуаты нарығы шеңберінде салаға салынған инвестицияларды қайтаруға жұмсалатын қаражат көлемінің лимиті 32 млрд. теңге деңгейінде белгіленген. ҚР Энергетика министрлігі аталған лимитті 100 млрд. теңгеге ұлғайту мәселесін пысықтауда, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қосымша жаңғырту және кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Бұдан басқа, инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында электр қуаты нарығындағы қолданыстағы тарифті айына 1 МВт үшін қазіргі 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін ұлғайту қажет, бұл жылына қосымша 35 млрд.теңге тартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ электр энергиясын сатудан түскен қаражат және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер есебінен жылу энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу мәселесі де қайта қаралуы тиіс. Яғни, қарсы тоғыспалы субсидиялау алынып тасталуы тиіс, - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Сонымен қатар ведомство басшысы тұтынушылардың жекелеген санаттарын тарифтердің өсуінің ықпалынан қорғау үшін бүгінгі тәжірибені ескере отырып, атаулы субсидиялау шарттары жасалатынын атап өтті.
Жылу энергетикасының әлеуметтік аспектісін ескере отырып, инвестицияларды тартуды ынталандыратын және инвестицияларды қайтару кепілдігін қамтамасыз ететін гибридті модельді енгізу қажет болады, ол жылу энергетикасын бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы тетіктерінен және меншік иелерінің инвестициялау жөніндегі тиісті міндеттемелерінен тұратын болады.
Энергетикалық кәсіпорындар үшін өз активтерін дамыту үшін тарифтерден алынатын қаражаттан басқа, өз қаражатының бір бөлігін салу бойынша қарсы міндеттемелер енгізілетін болады. Ұсынылып отырған шараларды толыққанды іске асыру үшін «тарифті инвестицияларға айырбастау» саясаты шеңберінде алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына уәкілетті органның бақылау жүргізу функцияларын қайтару, сондай-ақ салынған инвестициялар шеңберінде қол жеткізілуі қажет көрсеткіштерді белгілеу қажет, - деп қорытындылады еліміздің энергетикалық ведомствосының басшысы Болат Ақшолақов.
- 21.10.2022
- 245