• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Осакаров ауданының тұрғындарымен проблемалық мәселелерді талқыладық

Осыған дейін маусым айында өткен кездесу барысында азаматтар көтерген бірқатар мәселелер бүгінде өз шешімін тапты.

Мәселен, тұрғындар жарықтың жиі сөнуіне шағымданған еді. Бұл мәселені шешу үшін «Қарағанды өңірлік электр компаниясы» ЖШС жаңғыртуға 500 млн теңге қаражатты инвестициялайды. Қазіргі уақытта жабдықтарды жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Молодежный кентінің жылу беру қазандықтарының бірінде бес қазандық пен құбырлар, су жіберу құрылғылары ауыстырылды. Сондай-ақ Осакаровкада қосымша қазандықтар орнатылды. Сонымен қатар Абай атындағы мектепті күрделі жөндеу барысында жылыту жүйесі қалыпқа келтірілді.

Бүгінде Молодежный кентінің әлеуметтік инфрақұрылымы да жақсаруда. Екі жыл ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша кенттің барлық көшелеріне асфальт төселді. Биылғы жылы екі мектеп пен мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Батпақ, Садовое, Озёрное ауылдарындағы клубтарды жөндеу жоспарланған.

Кездесу барысында Абай атындағы тірек мектебінде оқушылар спорт алаңын орнатуды сұрады. Осы орайда мектеп жанындағы учаскені толық абаттандыруға тиісті қаражат бөлуді тапсырдым. Ал әзірге жастарымыз жөндеуден өткен спорт кешенінде жаттыға алады.

Бүгінгі таңда Молодежный кентіндегі ескірген аурухананы жөндеу мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазіргі уақытта аурухананы күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Келесі жылы жөндеу жұмыстары басталып, қажетті жабдықтар сатып алынатын болады.

Сонымен қатар ауданда автожолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы ұзындығы 16 км болатын Осакаровка-Молодежный учаскесінде қайта құру жұмыстары жүргізілді. 83 шақырымды құрайтын жолды жөндеу жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.

Кездесу соңында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадым.

  • 21.10.2022
  • 359
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика