- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама шықты
2022 жылғы 18-24 қазан аралығындағы кезеңде мынадай көрсеткіштер тіркелді:
Атырау, Балқаш, Қызылорда және Теміртау қалаларда бірде-бір МӨП-де ластаушы заттардың ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.
Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 752 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).
Алматы қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 423 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Түрксіб ауданы бойынша барынша ластанды.
Астана қ. шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 196 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Буйтұрсынов көшесі ауданында ластанған.
Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 119 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі ауданында барынша ластанды.
Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 19 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Тынышпаев көшесі ауданында барынша ластанды.
Шымкент қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 2 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Павлодар қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 2 жағдайы тіркелді. Торайғырова-Дүйсенова көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Петропавл қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 69 жағдайы тіркелді. Юбилейная көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 4 жағдайы тіркелді. Есет батыр көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.
Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
- 25.10.2022
- 195