- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды қабылдады
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өңір басшысы 50-ден астам ақтөбелік азаматты қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап беріп, мәселелерінің шешілу жолдарын қарастырды.
Тұрғындардың қозғаған мәселелерінің көпшілігі баспана алу, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғын үй кешендерін инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, мүгедектер үшін қолжетімді орта құру, бизнесті дамытуға көмектесу, банктік қарыздарды өтеу және т. б. сұрақтар болды.
Ералы Тоғжанов барлық арыз-шағымға толыққанды жауап берді. Егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін мәселелерді облыс әкімі жеке бақылауына алды. Мемлекеттік орган басшыларына заң аясында азаматтардың проблемаларын шешуге қолдау білдіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
- 25.10.2022
- 199