• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жаңа тарифтік саясатқа көшу туралы

21 қазан күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы (бұдан әрі - ТМРК, Тарифтік ведомство) Асан Дарбаев Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде ТМРК қандай жаңа тарифтік саясатты әзірлеуді жоспарлап отырғанын айтты.

ТМРК басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы жылдың басында берген тапсырмасы аясында Тарифтік ведомство 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий енгізгенін еске салды.

Нәтижесінде, 100-ден астам табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) тарифтерін түзету арқылы 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіндегі тарифтер 180 күн қолданыста болды, бұл халыққа 3,2 млрд.теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Бүгінгі таңда 100-ден астам кәсіпорын энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетеді, олардың 37-ін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

Сонымен бірге электр және жылу энергиясының соңғы тарифтеріне әсер ететін факторлар туралы айтылды.

Төраға сондай-ақ субъектілердің өздерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауын бақылау жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, оның шеңберінде ТМС міндеттемелерінің орындалмауы анықталды, соның нәтижесінде елдің барлық өңірлерінде 195 ТМС-қа жалпы сомасы 5,5 млрд.теңгеге уақытша өтемдік тарифтері бекітілді.

 Тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын артық төленген қаражат қайтарылатыны және 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға шамамен 490 млн.теңге сомасында қаражат өтелгені белгілі.

Сонымен бірге, Төраға тұтынушыларды газ желісіне қосу процесін оңайлату және жеделдету мақсатында, ТМРК газ желісіне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін жеке тұлғаларға  8-ден 4 пунктке дейін, сондай-ақ заңды тұлғаларға 5 пунктке дейін құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде бірқатар құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізгенін еске салды.

Бұдан әрі, Асан Дарбаев табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы – «Тарифті инвестицияға айырбастау» шеңберінде тарифтік саясатты реформалау үшін іске асырылатын міндеттер туралы хабарлады.

Ынталандырудың жаңа тәсілдері тұтынушылардың қаражатын пайдалануды бақылауды күшейту арқылы іске асырылатын болады, бұл оның ішінде ТМС басшыларының заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапкершілігін бекітуді және ТМС үшін нормативтік-техникалық шығындарды қарау және бекіту жөніндегі құзыретті бекітуді білдіреді.

Сонымен қатар, жаңа тарифтік саясатта халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылатын болады. Осылайша, а.ж. 1 шілдесінен бастап еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде АӘК және тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар газды 20%-ға төмендетілген бағамен алады.

«Сондай-ақ табысы төмен тұтынушылар үшін жүктемені азайтуға бағытталған тұрғын үй көмегі бағдарламасы іске асырылуда», – деп атап өтті ТМРК басшысы.

Асан Дарбаев сондай-ақ желілердің тозу көрсеткіштерін кезең-кезеңімен 15%-ға төмендету қажеттігін атап өтті.

Осы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында негізгі құралдардың тәуелсіз техникалық аудиті және инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары субъектілерді айқындау жүргізілетін болады.

Жаңа тәсілдерді енгізуден күтілетін нәтиже желілердің тозу көрсеткіштерін, жоспардан тыс сөндірулер мен авариялар санын кезең-кезеңімен төмендетуден басқа, жаңғыртылатын нысандарды пайдалану мерзімдерін ұлғайту, қосымша қаржыландыру көздері есебінен тарифтердің қалыпты өзгеруі және басқалар болуы тиіс.

Сондай-ақ, Төраға ел экономикасындағы табиғи монополиялардың өзекті мағынасы туралы еске салып, осы саладағы мемлекеттік саясат монополистер қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Бұл үшін, соның ішінде монополистердің экономикалық және техникалық мүмкіндіктеріне жеке талдау жүргізілетін болады, сондай-ақ білікті қызметкерлердің еңбекақысының лайықты деңгейі қамтамасыз етілетін болады және басқа да.

Асан Дарбаев аталған міндеттерді орындау үшін қоғамның мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдеріне түбегейлі қатысуын қамтамасыз ететін плюралистік тәсіл қажет екенін, бұл азаматтардың денсаулық қауіпсіздігін арттырудың, коммуналдық қызмет қызметкерлерінің табысын арттырудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді іске асырудың кепілі болатынын атап өтті.

Бұл жерде жаңа тәсіл іске асырылатыны атап өтілді, онда табиғи монополия салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыратын үнемдеу мемлекет алып қойған дәстүрлі шығын әдісінің орнына инвестициялар көлемін ұлғайту жолымен ынталандыру қағидаты бойынша баламалы әдісті пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.

Ол жаңа инвестицияларды ынталандыру ТКШ салаларын дамытуға, монополистер қызметінің тиімділігіне оң әсер ететінін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын және түпкі тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Қорытындылай келе, ведомство басшысы бұдан әрі тарифтік саясаттың новелласы тұтынушының қаражатын мақсатты пайдалануды қатаң бақылаумен, сөзге мұқтаж халықты әлеуметтік қолдаумен, табиғи монополиялар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз етумен сүйемелденетінін атап өтті.

  • 27.10.2022
  • 300
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика