- Блогтар
- Оспанова Н.Ж.
Оспанова Н.Ж.
ҚР ОМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы
2020 жылдың 6 қарашасында Алматы, Шымкент қалалары, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының бірлескен аймақтық отырысында бала құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.
2020 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы арасында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік бала қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
2020 жылдың 6 қарашасында Алматы, Шымкент қалалары, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының бірлескен аймақтық отырысында бала құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Аталған отырыстың жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, орталық мемлекеттік органдардың, адам құқықтарын қорғау бойынша Ұлттық орталықтың, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының орынбасарлары, қала, аудан әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарлары, облыстық, аудандық, қалалық білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Облыс әкімдіктерінің назарын әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жарақаттанудың және оларға қарсы қылмыстың алдын алу шаралары мен ата-аналарды (заңды тұлғаларын) құқықтық ақпараттандыру жұмыстарына назар аударылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың альтернативті формасы туралы өңірлік іс-тәжірибесімен Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Ходжабергенова Гүлнар Махаевна бөлісті.
Өңірде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басшысы Түлепов Ғалымжан Ануарұлы баяндады.
Ата-аналар қоғамдастығын құқықтық ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жолаев Рахымбек Қуатбекұлы баяндады.
Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы, оның ішіндегі қашықтан оқыту кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру және «Қатерлі топта» есепте тұрған оқушылармен жүргізілетін жұмыс туралы Алматы облысы білім басқармасының басшысы Омарова Майгуль Тлеутаевна мен Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдат Қамбозұлы тоқталып өтті.
Бала құқықтарын қорғау комитеті аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне белседілік танытқаны үшін алғысын білдіреді.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері оқушылардың жеке қауіпсіздігі бойынша, көші қон процесі кезіндегі балалардың құқығы және ата-аналар қоғамдастығының оқушылар тәрбиесіндегі рөлі туралы конструктивті ұсынымдар жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар енгізілді.
- 23.11.2020
- 525