• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда жүгіруден өткен жартылай марафонға мыңға жуық адам қатысты

25 қазан Республика күніне орай, КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналған марафон өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марафонның ашылу салтанатына Әмин Тұяқовтың өзі арнайы келіп қатысты. Биыл ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы 85 жасқа толды.

Әмин Тұяқовты қазақ жеңіл атлетикасының бастауы деп айтуға толық негіз бар. Осы саладағы рекордтары мен спортқа деген ерекше құрметінің арқасында оның аты жеңіл атлетика тарихында алтын әріптермен жазылды деуге болады.

Спорт саласының ардагер тұлғасын және жергілікті көрерменді осы спорттық мерекемен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.

- Мұндай ауқымдағы жүгіру марафоны Маңғыстауда алғаш рет өтуде. Осы дүбірлі додада бақ сынауға келген еліміздің өзге өңірлерінің спортшыларына, қонақтарға Маңғыстау өңіріне қош келдіңіздер деймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтаралық, дінаралық татулықтың берік болуы жөнінде жолдауларында жиі айтып келеді. Бүгінгі шара да соның бір айғағы. Себебі, спортта - ұлт, дін бойынша айырмашылық жоқ, тек шын мықтылық қана басты рөл ойнайды. Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірі мен өзге де елдерден мыңға жуық адам жүгіруге келіп тұр. Әрқайсымыздың ел дамуына қосар үлесіміз мол болсын, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Марафон барысында белгіленген маршрут бойынша ерлер мен әйелдер арасында 16 жастан жоғары 10 шақырымда әуесқойлар, 18 жастан жоғары 21 шақырым қашықтықта кәсіпқойлар сынға түсті.

Жарысқа Қазақстан, Ресей , Украина, Әзірбайжан,
Түркия, АҚШ мемлекеттерінен жүгірушілер қатысты.

10 шақырымды бірінші жүгіріп өткен Ақтөбе облысының спортшысы Ислам Аманқос 1 орын, алматылық Нұрысбек Сексембай 2 орын, ал 3 орынды атыраулық Еркебұлан Аташов жеңіп алды. Ал қыздар арасында алғашқы болып Орал қаласының спортшысы Нұргүл Орынбасар, 2 орында алматылық Асем Кабдуш, 3 орында Ақтау қаласынан Арина Қуанышова жүгіріп өтті.

Ал 21 шақырымда кәсіпқойлар арасында алғашқы болып мәре сызығын алматылықтар, атап айтқанда Рақымжан Келманов пен Александр Антонов, Аман Нұркелді кесіп өтті. Қыздар арасында шымкенттік Ақбілек Құралбай 1 орын, ақтаулық Гүлнұр Елемесова 2 орын, Алматы қаласынан Гүлжанат Самигулиева 3 орын иеленді.

Айта кетейік, Әмин Тұяқовтың 85 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау облысында көптеген шаралар ұйымдастырылуда.

  • 27.10.2022
  • 254
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика