• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда даңқты спортшы Әмин Тұяқов жайлы ғұмырбаяндық кітаптың тұсаукесері өтті

Маңғыстауда жеңіл атлетика спортының танымал тұлғасы Әмин Тұяқов жайлы  кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Әмин Тұяқов қазақ жеңіл атлетикасының бастауы болғандардың бірі. Ол - КСРО ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы, чeмпионы атанған, Кеңес Одағының рекордшысы, Еуропа кубогының иегері. 

Бұл жолы  Әмин Тұяқов Маңғыстауға  85 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараларға, сондай-ақ өзі жайлы кітаптың тұсаукесеріне арнайы келген.  

Кешке Әмин Тұяқов пен жары - Алма Досымбаева, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев,  мерейтой иесінің замандастары, үзеңгілес достары  қатысты.

Шара барысында Әмин Тұяқов жайлы қысқа бейнефильмдер мен жеке заттары, спортшы жайлы кітаптар қойылған көрме келушілер назарына ұсынылды.  

Құттықтау сөз алған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев даңқты спортшының елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. 

-Әмин Тұяқов өмірі -  тәуелсіздігімізге жетер жолдағы спорттық тарихымыздың қастерлі  парағы. Ел абыройын аспандата көтеруге ұмтылған ол жас буынды ерлік пен батылдыққа жетелеген ізгіліктің айшықты үлгісі. Әмин Елемесұлының 1960 жылдардағы үлкен спорттағы телегей табыстары бүгінгі ұрпаққа зор мәртебе, үлкен мерей, үлгі екені даусыз. АҚШ-тағы додалар, Токиодағы, Римдегі ғасыр матчтарындағы Әмин ағаның айшықты көрсеткіштерінің даңқы  жыл өткен сайын зораймаса, кішіреймек емес. Спортшы ағамыз жайлы талай дүние жазылды, алайда бүгін тұсауы кесілген осы кітаптың өз орны бар. Себебі, Әмин ағаның кітапта баяндалған  өмірі жастарға үлгі болуы керек, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Кеш соңында сөз алған мерейтой иесі Әмин Тұяқов көрермендерге ықыласын білдіріп, алғысын айтты. 

-Мен үшін Маңғыстауға келу - үлкен қуаныш. Бұл өлке менің - балалық шағым мен жастығым өткен туған жерім. Жыл сайын елге келемін. Өткен жылы келгенімде облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы 85 жылдық мерейтойымның осында өтуін, мерейтойға орай кітап шығарылуы керек екенін айтты. Кітаптың шығуына, мерейтойымның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Маңғыстау облысы басшысына алғыс айтамын, - деді Әмин Тұяқов. 

“Әмин Тұяқов” кітабы 1000 данамен  оқырманға жол тартты. Құрастырған - Жұмабай Құлиев.

  • 27.10.2022
  • 230
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика