- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Әлеуметтік-өндірістік мәселелер шешіліп келеді
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград, Шортанды және Ақкөл аудандарында болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаға баса назар аударды.
Целиноград. – Халық үніне құлақ асатын мемлекет жай сөз емес, оны әр шенеунік естуге құқылы. Ал, мемлекеттік аппараттың міндеті – азаматтардың күнделікті өзекті мәселелерін шешу. Осындай жағдайда ғана нәтиже болады, – деген Ермек Боранбайұлының бұл сөздері сапар барысында қайта-қайта айтылды.Өңірдегі тез арада шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Сондықтан,аудан бойынша жоспарға сәйкес, бірден екі нысан бар. Ол Қараөткел және Жаңажол ауылдарындағы жол желілерін күрделі жөндеу.
– Жол желісі артып, елді мекендер көбеюде. Целиноград ауданы қарыштап дамып келеді, мұнда 25 мыңнан астам адам тұрады, олардың көпшілігі елордада жұмыс істейді. Құрылыстың жақсы қарқыны халықтың тұрмысын жақсартады, бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды, – деді Ермек Боранбайұлы.Бірақ, тұрғын үй құрылысының қарқыны облыс басшысын қанағаттандырмады. Ақмол ауылындағы 30 пәтерлік он үйдің құрылысын бірден 3 мердігер ұйым жүргізіп жатыр: «Астана-Көктем S» ЖШС, «Арнайқұрылыс» және «НұрТехСервис» компаниялары. Құрылыстың іргетасы аяқталды, жұмысшылар бірінші қабаттың қабырғаларын тұрғыза бастады.
– Мердігерлер уақытында, қиындықсыз, бюджетке қосымша түзетулерсіз тапсыратын нысандар бар. Осыған ұмтылу керек. Үйлердің құрылысы 2021 жылдан бері жүргізілуде, ал, сіздер әлі де істі ұйымдастыра алмай отырсыз. Онда құрылысты қолға алмаңдар… Биылдың өзінде республикалық бюджеттен 1 миллиард 648 миллион теңге бөлінді, оның 477 миллион 45 миллион теңгесін ғана игердіңіздер. Тұрғындар пәтер кезегінде тұр, бұл он үй бірден 1 999,7 шаршы метр тұрғын үй алаңын құрайды. Сіздер адамдардың көзіне қалай қарайсыздар? – деген наразылығын білдірген облыс әкімі бұл нысандарды ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Шортанды. Халықтың аздығына қарамастан, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында өндіріс дамыған. Осылайша «Бозайғыр» ЖШС 2012 жылдан бері «BI Group» и «Sensata Group»сынды ірі құрылыс компанияларымен бірлесе отырып, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.
– Өндіріс үшін шикізат жеткілікті, даму әлеуеті бар. Әр ауысымда 20 мыңға жуық кірпіш шығарылады, жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. Несие алып, тағы бір пеш салып, жылдық өнім көлемін 25 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Демек, жұмыс орындары да көбейеді, – дейді ЖШС директоры Шатлык Иминов.
– «Төңкеріс ХПП» ЖШС-нің заманауи диірмен кешенінде өндіріс көлемі жылына 36 мың тонна ұн өндіруге жетеді, – деген серіктестік директоры Владимир Стороженко жаңа сату нарығын дамытуды, Қытайға өнімді жіберуді жоспарлап отырғанын да атап өтті.
«Turan Industry» ЖШС өнімінің 70 пайызы Ресейге – Нижний Новгород пен Мәскеуге жөнелтіледі. Цех гранитті блоктарды ұқыпты плиткаға айналдыратын ЧПУ машиналарымен жабдықталған. Шикізат – Мойынқұм граниті. Ол Оңтүстік Қазақстаннан әкелінеді, өйткені, облыстағы гранит кен орындары табиғатты қорғау аймағында орналасқандықтан, оны игеру мүмкін емес. Дегенмен, компания өнім түрлерін көбейтуді, сұр және қара тас реңктерін қосуды жоспарлап отыр. Айтпақшы, кәсіпорынның өндірістік қуаты ауысымына 500 шаршы метр өнім, жылына ол 130 000 шаршы метр шамасында.
«Қалаға қарағанда мұнда өз бизнесіңді ашу оңай», – дейді тағы бір кәсіпкер, «Лисман» директоры Роман Лисман. 2017 жылы жас кәсіпкер «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алған. Ғимарат салуға, құрал-жабдық алуға қаражат жеткілікті болды. Қазір «Лисман» ИП өнімдерін дүкен сөрелерінен көруге болады. Біздің тұшпара мен басқа өнімдеріміз ақмолалықтардың сұранысына ие, деп қосты ол.
Шортанды ауданындағы нысандардың қатарында өндірістік қана емес, әлеуметтік нысандар да бар. Ең бастысы – емхана мен мектеп.Бозайғыр дәрігерлік амбулаториясы 2015 жылы салынған. Қабылдауды 2 дәрігер жүргізеді, 3 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. 12 жыл бұрын емдеу мекемесіне жалпы тәжірибелік дәрігер Виктория Пенер жұмысқа келген.
– Жаңа ғимараттың жағдайы әлдеқайда жақсы. Жақында ғана ашылған жедел жәрдем стансасының халыққа көмегі зор. Ауылдастарына шұғыл сапарға шығумен қатар, бригада тас жолда апат болған жағдайда көмек көрсетеді.Дәрігерлік амбулаторияға 3700 адам бекітілген, оның 170-і денсаулығына ерекше көңіл бөлуді қажет ететін зейнеткерлер, – дейді Виктория Николаевна.
Бозайғыр орта мектебінің ғимаратына 2019 жылы 164 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектеп директоры Ардагер Қайрат бұдан кейін ұжым мен мектеп оқушыларының өмірі жақсы бағытқа өзгергеніне де тоқталды. Онда есік, терезелер, едендер, жылу жүйесі толығымен ауыстырылып, екіжеке қазандық салынған. Жөндеу жұмыстарының бәрі ойдағыдай өтпесе де, қазір оқушылар күрделі жөндеуден өткен мектепке қуана барып жүр екен.
– Ауыл өсіп жатыр, бала туу көрсеткіші артуда. 2024-2025 жылдары тағы 300 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз», – деді Ермек Боранбайұлы.
Ақкөл. Бұл аудан соңғы жылдары ақмолалықтардың арасында ғана емес, ең алдымен өзінің «ақылды қала» – Ақкөл орталығымен елімізге де танымал болып келеді. Қаланың тағы бір көрікті жері «Орталық стадион» жақын арада демалыс аймағына айналуы тиіс. Әзірге мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары, көше шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол – жас мамандар Асланбек пен Камила Құсайыновтардың дизайнымен жасалуда. Айтуларынша, уақыт өте стадион маңы ақкөлдіктердің бас қосатын жері – жайлы саябаққа айналады.
–Жастардың өз қаласына қамқор болғаны жақсы. Ал, ғасырлар бойғы қарағайлары бар саябақ, ашық аспан астындағы кинотеатр, заманауи төзімді жабындысы бар стадион осының барлығы туристерге жақсы әсер қалдырады. Уақыт өте Ақкөл жайлы курорттық қалаға айналуы мүмкін, – деді өңір басшысы.
2023 жылы мектеп аумағын абаттандыру жоспарлануда.Сондай-ақ, Ермек БоранбайұлыТ.Бигелдинов көшесіндегі жол-көлік желісін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Оның жобалық құны шамамен 1,376 миллион теңге. Жөндеу жұмыстары жолдың 55 мың шаршы метрден асатын бөлігін қамтиды.
Өңір басшысының сапары жағымды миссиямен аяқталды. Ермек Боранбайұлы 40 жылдық еңбек өтілі бар, 25 қазанда 91 жасқа толған тыл еңбеккері Қуандық Әшкеновті туған күнімен құттықтады. Ардагер өмір бойы Жамбыл атындағы (қазіргі Приозерное ауылы) совхозда еңбек еткен. Сол қажырлы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталған. Көп балалы отбасында 10 бала тәрбиеленіп, ұлдарының барлығы дерлік ұста болған. Бүгінде бұл істі Қ.Әшкеновтің немерелері, тіпті, шөберелері жалғастыруда. Қазір ардагердің үлкен отбасында 117 адам бар, төрт ұрпақтың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.
– Біздің атамыз барлық кәсіптің шебері, өте зерек, әрі оқуы жақсы. Осы уақытқа дейін ол саясатпен айналысады, әлемде не болып жатқанынан хабардар, ол әрқашан ақыл-кеңес беріп отырады, – дейді үйдегілер ол туралы.
Ермек Маржықпаев ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, Әшкеновтер әулетінің көп жылғы еңбегі мен біліміне алғысын білдірді.
- 31.10.2022
- 233