• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында 15 мыңнан астам адам бір мезетте Қазақстанның Гимнін орындады

Ұлттық мерекеге арналған «Бір Тудың астында» акциясы Ақтөбе қаласымен қатар облыстың барлық аудандарында өтті.

Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар, мемлекеттік мекеме басшылары, барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Акция барысында мемлекеттігіміздің мызғымастығын білдіретін Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтіп, бір мезетте қазақ халқының азат рухы мен ұлттық болмысын жырлаған әнұран орындалды. Сонымен қатар, 12 ауданда ұйымдастырылған патриоттық мәні зор салтанатты шараға 15 мыңнан астам адам қатысты.

Атап өтейік, өңірде Республика күніне арналған шаралар 3-қазаннан басталған болатын. Қайырымдылық, экологиялық, патриоттық шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік және спорттық нысандар пайдалануға берілді.

Мәселен, Алға ауданының алты елді мекенінде суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылса, Мәртөк ауданында электронды қызмет көрсету орталығы ашылды. Қарғалы ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Шалқар ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы есігін айқара ашты. Байғанин және Алға аудандарында спорт және ойын алаңдары орнатылды. Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы мен Сағашилі ауылында көпсалалы ашық спорт алаңдары, Шеңгелші, Қожасай ауылдарында су құбырлары пайдалануға берілді. Темір, Қарғалы аудандарында жаңа спорт нысандары бой көтеріп, Алға ауданының Жерұйық, Қарағаш, Маржанбұлақ, Үшқұдық ауылдарындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

  • 31.10.2022
  • 264
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика