• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

 Түрік халқы басты ұлттық мереке – Республика күнін тойлауда.  Осы мерекенің құрметіне 
 Маңғыстауда Түркия Республикасының бас консулдығы салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулдығының атташесі Бюкер Йылдырым, мемлекеттік органдардың, Ақтау қаласындағы – Әзірбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан мен Түркіменстанның дипломатиялық өкілдері қатысты. 

 Мерекелік кеш дәстүрлі түрде екі ел Қазақстан мен Түркияның әнұрандарының орындалуымен басталды.

 Құттықтау сөзінде аймақ басшысы Түркия Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

 – Сіздерді Түркия Республикасының құрылғанына 99 жыл толуымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Түркия Қазақстан үшін Еуразия құрлығындағы ең маңызды және сенімді серіктестердің бірі болып табылады. Тәуелсіздік тұғырында Қазақстан мен Түркия өзара сенім мен құрметке негізделген көпжақты серіктестіктің тамаша үлгісін көрсетуде.  Түркияның экономикалық белсенділігі әріптестік аясында Маңғыстау облысының гүлденуіне ықпал етуде.  Бұған Түркияның ірі бизнес өкілдерінің өңірде жүзеге асырып жатқан ауқымды инновациялық-инвестициялық жобалары дәлел.  Тарихта тамыры терең бір түркі өркениетінің жаңғырып, өрлеуіне екі ел арасындағы мәдени-рухани үндестік пен ширек ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастықтың ықпалы ерекше.  Бүгінде Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы сенімді саяси, әлеуметтік және экономикалық серіктесі болып табылады.  Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы екі елді байланыстыратын ұйым ретінде өте маңызды саяси рөл атқарады.  Осы айтулы оқиғамен түрік халқын облыс тұрғындарының атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер!  Сіздерге бақыт, елдерімізге тыныштық тілеймін, – деді Нұрлан Ноғаев.

 Соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірде түрік инвестициясының қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында: азық-түлік,  көтерме сауда, зергерлік бұйымдар, құрылыс, мейрамхана бизнесі бойынша 74 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 57 млн   долларды құраған.

 - Сіздерді шын жүрекпен және құрметпен қарсы аламын.
 Бүгін біз Түркия Республикасының құрылғанына 99 жыл толуын мақтанышпен және толқумен атап өтудеміз.  Шет елдердегі миссиямыздағы достарымызға қуанышты мерекемізді бөліскендері үшін өз атымнан, бүкіл ел және халқымның атынан алғыс айтамын.  Осы орайда республикамыздың негізін қалаушы Ғази Мұстафа Кемал Ататүрікті, тәуелсіздік соғысындағы жеңісіміз үшін жанын қиған батырларымызды, сондай-ақ Ұлы Ұлттық Мәжілістің ұлтжанды мүшелерін тағы да алғыспен еске аламын.  Түрік халқын 29 қазан – Республика күнімен тағы да құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және бақ-береке тілеймін, - деді Бюкер Йылдырым.


 Шара соңы аймақ өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламамен аяқталды.

  • 01.11.2022
  • 244
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика