• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Іс-шараға Кеңес мүшелері, отандық компаниялардың, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, бүгінгі таңда қоғамдық кеңестер институты түрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіретін алаңға айналғанын атап өтті.

Отырыста кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау мәселелері және өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

«Қазақстанда 2012-2021 жылдар аралығында шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтиже көрсетуде. Жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесі 33,5% жетті. ШОБ өнімі 5 есеге өсіп, номиналдық мәнде 42,8 трлн.теңгені құрады. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің жалпы саны 75%-ға өсіп, 1,4 млн. субъектіге жетті», - деп нақтылады министр.

Сонымен қатар, ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 45 пайызға өсіп, 3,5 миллион адамға жетті.

Өз кезегінде, «Темірсервис Астана», «Қазақ өнімі», «Автостеклоцентр Астана», «Поколение» білім беру орталығы және «Welldone Company» кәсіпорындарының басшылары мемлекеттік қолдау мен ЕҚДБ құралдарының арқасында өндірісін ұлғайтқанын атап өтті. Кейбір компаниялар микро- бизнестен шағын бизнеске көшіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Хусейн Озхан атап өткендей, бүгінгі таңда ЕҚДБ 300 жобаны іске асыру үшін еліміздің экономикасына 10 млрд долларға жуық инвестиция салды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Әріптестік туралы негіздемелік келісім бар. Оның негізгі мақсаты - ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру бойынша құрылымдық реформаларды жүргізу болып табылады.

ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қаржыландыру және дамытудың аймақтық желісінің басшысы Надя Петкова атап өткендей, Банк энергетика, сумен жабдықтау, көлік және логистика салаларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастырады.

Бұл ретте Ә.Қуантыров қазіргі уақытта ҚР Үкіметі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың жаңа форматын құрып жатқанын ерекше атап өтті.

«Сараптамалық қолдау, үздік технологиялар. Бұл бізге қажет нәрсе. Өйткені, мәселе ақшада емес, білімде. ҚР-дың артықшылығы - біз ең үздік тәжірибені алуға тырысамыз. Біз әрқашан жаңа идеяларға ашықпыз және сарапшылардың ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз», - деді министр.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері реттеуші талаптар мен сараланған тарифтер бойынша ұсыныстарын айтты. ҰЭМ басшысы бұл мәселелердің барлығы ерекше бақылауда екенін және мұқият қаралатынын атап өтті.

ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы а.ж. 18 сәуірінде бекітілді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша тізімге азаматтық қоғамның 10 өкілі және Министрліктің 5 өкілі енгізілді.

  • 01.11.2022
  • 251
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика