- Блогтар
- Қалиғазин А. Е.
Қалиғазин А. Е.
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Қазақстандағы МЖӘ-нің ағымдағы жағдайы бойынша анықтама
- МЖӘ жобалары, концессиялық жобалар бойынша жиынтық ақпарат (бұдан әрі – жобалар)
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
жалпы құны 2 257 млрд теңгені құрайтын 1 060 концессиялық, МЖӘ шарттары (бұдан әрі – Шарттар) (оның ішінде 2 226 млрд теңге сомасына 842 іске асырылып жатқан жоба, 32 млрд теңге сомасына 218 мерзімі аяқталған жобалар (шарттардың мерзімі өткен) жасалған:
- 14 – құны 1 361 млрд теңгені құрайтын республикалық жобалар;
- 1 046 – құны 896 млрд теңгені құрайтын жергілікті жобалар.
Анықтама ретінде:
2005 ж. – 2 жоба (77,9 млрд теңге), 2007 ж. – 1 жоба (4,1 млрд теңге),
2016 ж. – 14 жоба (12 млрд теңге), 2017 ж. – 149 жоба (210,4 млрд теңге),
2018 ж. – 283 жоба (892,1 млрд теңге), 2019 ж. – 261 жоба (163,2 млрд теңге),
2020 ж. – 136 жоба (227,3 млрд теңге), 2021 ж. – 190 жоба (631 млрд теңге),
2022 ж. – 24 жоба (39,1 млрд теңге).
Жоспарлау мен дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде құны 438 млрд теңгені құрайтын барлығы 225 жоба бар, оның ішінде:
1) құны ~102 млрд теңгені құрайтын республикалық деңгейдегі 29 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны ~16 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бойынша конкурс жарияланды;
- құны 81 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 1 жоба;
- құны ~6 млрд теңгені құрайтын жоспарлау сатысындағы 20 жоба.
2) жалпы құны ~336 млрд теңгені құрайтын өңірлік деңгейдегі 196 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны ~ 59 млрд теңгені құрайтын 44 жоба бойынша конкурс жарияланды, оның ішінде жеке серіктестердің бастамасымен 9 жоба бойынша тікелей келіссөздер жүргізілуде;
- құны ~ 11 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 39 жоба;
- құны ~266 млрд теңгені құрайтын 113 жоба жоспарлау кезеңінде.
II. Іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат
Пайдалану кезеңінде құны 827 млрд теңгені құрайтын 602 жоба бар, оның ішінде:
- құны 213 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 8 жоба;
- құны 614 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 594 жоба.
Инвестициялық кезеңде құны 1 399 млрд теңгені құрайтын 240 жоба бар, оның ішінде:
- құны 1 149 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 6 жоба;
- құны 234 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 250 жоба.
- Жасалған Шарттар бойынша салалық ақпарат
Сала |
Саны |
Жалпы құны |
|
бір. |
үлесі, % |
млрд теңге |
|
Білім |
587 |
55 |
198 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
191 |
18 |
105 |
Энергетика және ТҮКШ |
79 |
7 |
119 |
Мәдениет және спорт |
141 |
13 |
246 |
Көлік және инфрақұрылым |
30 |
3 |
846 |
Басқалар |
32 |
3 |
742 |
Сомасы |
1 060 |
100 |
2 257 |
Жасалған Шарттардың 86,7%-нан астамы сандық тұрғыдан 3 салаға тиесілі: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, энергетика және ТҮКШ.
Дегенмен, құндық мәнде шамамен 38%-ы көлік және инфрақұрылымға тиесілі.
Жобалардың деректер базасы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сайтында орналасқан (https://kzppp.kz), база ай сайын жаңартылып отырады.
- 01.11.2022
- 318