• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда білім беру ұйымдарының қауіпсіздік құрылғыларына мониторинг жүргізіледі

1 қараша күні, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиевтің төрағалығымен аймақтағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық білім басқармасы басшылығы және аймақтық Полиция департаменті өкілдері қатысқан кездесу өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқосуда  ұйымдардағы бейнекамералар,  дабыл жүйесі және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды. 

Бейнебақылау камералары мен дабыл тетігін орналастырудың барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде болу қажеттілігі түсіндіріліп, осы жөнінде  ұсыныс, пікірлер тыңдалды. 


Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының басшысы Алимбет Смайловтың айтуынша,  барлық білім беру ұйымдарының дабыл жүйесі полицияға тікелей қосылуы керек. 

-Барлық білім беру мекемелеріне бірдей талап қойылуда. Ол мейлі жекеменшік немесе мемлекеттік болсын. Қазір облысымызда бейнебақылауға қосылуды жүзеге асыратын 10 нан астам мекеме бар. Ал дабыл жүйесін орнату бойынша айтарым  - тек бір рет қана құрылғыны қондырасыз, сосын ол мекеме балансында қалады.  Қазір полиция департаментінде бірегей платформа жұмыс жасайды. Білім беру мекемелеріндегі арнайы дабыл түймесін басқанда бірден полиция департаментіне шығады. Аталған құрылғыларды орналастырудың шарттары қандай дегенге келер болсақ, департамент балабақша, мектептерге қатысты қойылатын барлық талаптарды білім басқармасына жолдайды, олар сосын білім беру ұйымдарына жеткізеді. Бұл  жұмыстар - ішкі  істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен тапсырмасы, - деді полиция департаментінің өкілі. 

Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Бағдат Тұрғанбаеваның айтуынша,  мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне мемлекеттік тапсырыс берілген соң бір жыл ішінде мониторинг жүргізілуі  керек. 

-Орталықтандырылған бейнебақылауға қосылу - мониторингтің бір критерийі ретінде белгіленгені жайлы тамыз айында айтылды. Мониторинг жүргізуге кәсіпкерлік, білім бөлімі, полиция департаменті өкілдері қатыстырылады. Заң мен талап бәріне ортақ, - деді  Бағдат Тұрғанбаева. 

Жиынды қорытқан Ұлықбек Тналиев әсіресе балабақша саласындағы қызмет сапасына жоғары талап қоюдың маңызын атап өтті. 

-Кез-келген саладағы қызмет көрсету талапқа сай болуы қажет. Соны қадағалау біздің міндетіміз.  Сондықтан, алдын ала осындай талқылау, басқосу жасап отырмыз. Әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар білім беру ошақтарында қауіпсіздікті барынша күшейту қажет екенін аңғартып тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында: «Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек» деген нақты тапсырма да берді. Бұл сала - барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз, - деді Ұлықбек Тналиев жиын соңында.

  • 02.11.2022
  • 315
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика