• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде әлемнің жетекші университеттерінің бірі Хериот-Уотт университетінің (Heriot-Watt University) филиалы ашылады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әлемнің жетекші университеттерінің бірі Хериот-Уотт университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Хериот-Уотт университетінің ынтымақтастық аясындағы жұмыстар барысын талқылады.

Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына қайта форматтау жөніндегі, оның ішінде елімізде шетелдік беделді техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасы аясында өтті. Атап өту керек, Хериот-Уотт университеті  (Heriot-Watt University) математика, химия инженериясы, құрылыс, электр техникасы және мұнай-газ ісі пәндері бойынша әлемдік QS рейтингінде үздік 200 университеттің қатарына кіреді.

Жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік отандық техникалық және  IT-мамандарды бірлесе даярлауға бағытталған. Келісім бойынша Хериот-Уотт университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында үш бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын — «Мұнай-газ ісі», «Электроэнергетика», «Компьютерлік инженерия», сондай-ақ «Өнеркәсіп менеджменті» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын ашады деп жоспарлануда. Аталған мамандықтар өңірдің қажеттіліктеріне байланысты таңдалып отыр.

Оқуды аяқтаған студенттерге Хериот-Уотт университетімен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қос дипломы беріледі. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді дамитын болады. Екі университет арасындағы стратегиялық серіктестік сәтті жүзеге асқан жағдайда, талапкерлер, өзге өңірлерден де келесі оқу жылынан қабылдана бастайды. Кездесу барысында Heriot-Watt University филиалы базасында облыстың IT-хабын құру мәселелерінде ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті атқарушы органдар аталған жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

  • 03.11.2022
  • 320
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика