- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 жылдың қазан айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарда қалыпты ауа-райы байқалды, жауын-шашын нормадан жоғары және түнгі уақытта аяз минус 1-5˚С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда минус 9˚С дейін, күздік дәнді дақылдардың зақымдануы байқалмады. Мұндай метеорологиялық жағдайлар күздік бидайдың өсуі мен дамуына қолайлы болды, бірақ егіс жұмыстарының аяқталуына біршама кедергі болды.
Күздік бидайдың ерте егілген дақылдарында «дәннің өнуі» – «көктеу» кезеңі байқалады, жай-күйі барлық жерде жақсы және өте жақсы. Онкүндік бойы топырақты дайындау және күздік дәнді дақылдарды егу жұмыстары жалғасты.
2022 жылдың қазан айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy
- 04.11.2022
- 240