- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Мәдениет және спорт министрі ақмолалықтармен кездесті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп, Зеренді ауылында халықпен кездесу өткізді. Министр бұқараны толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Негізінен, ақмолалықтарды мәдениет нысандарын жабдықтау сапасы, жалақыны көтеру және басқа да әлеуметтік тақырыптар толғандырды.
–Қазір ауылдық жерлерге, мәдениет нысандарын жөндеуге және техникалық базаны нығайтуға ерекше назар аударылып жатыр. Бұдан басқа, еліміздің ауылдарында спорт нысандарын салуға және реконструкциялауға көп қаражат жұмсалды. Бұл жұмыс жоспарға сәйкес орындалып, қарқынды жалғасатын болады. Сондай-ақ, «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында бюджеттік саланың барлық қызметкерлерінің, оның ішінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатқанын хабарлағым келеді. Қазір процесс жүріп жатыр, биылғы жылдан бастап бірқатар ұйымдардың жалақысы 20 пайызға өсті, осыған сүйене отырып, облыстық театр қызметкерлерінің жалақысы өсетінін хабарлаймын, – деді Дәурен Абаев.
Ақмола облысында 2 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда, 2 спорт сарайы, 3 спорт манежі, 20 теннис корты, 20 стадион, 1 ипподром, 26 жүзу бассейні бар. Сонымен қатар, Щучинск қаласында спорт сарайының, Жақсы ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және Балкашин ауылында стадионды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесу барысында Дәурен Абаев жаңа спорт нысандарының құрылысы туралы пікірімен бөлісті.
–Біз ондаған миллиард теңге тұратын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тәжірибесінен біртіндеп бас тартамыз. Тұрғындар саны аз, кішігірім ауылдық жерлерге үлкен атриумдар, дәліздер, паркингтер, акт залдарын салу артық шығын деп ойлаймын. Модульдік спорт нысандарын салу әлдеқайда тиімді. Ондаған есе арзан, әрі салу әлдеқайда оңайырақ және жылдам. Олар ауылдық жерлерге көбірек бағдарланған, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, кездесу барысында спорт саласын әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Министрліктің мәліметінше, биылғы жылы сабақтан тыс спорттық сабақтарды өткізгені үшін педагогтердің жалақысы лауазымдық жалақысын 100 пайызға дейін көтерілді. Допингке қарсы зертхананың, Ұлттық допингке қарсы орталықтың қызметкерлері, спортты дамыту дирекциясы жаттықтырушыларының лауазымдық еңбекақысы 100 пайызға дейін жоғарылады. Чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларын өмір бойы қамтамасыз ету мөлшері төрт есе өскен.
Әрине, министр елдің Париждегі Олимпиада ойындарына дайындық барысымен де ой бөлісті.
–Спортты дамыту жүйесін жетілдіру назардан тыс қалмайды. Қазірдің өзінде біз Париждегі алдағы Олимпиада ойындарына кешенді дайындық жүргізіп жатырмыз. Спортшылар контингенті 10 нөмірге дейін кеңейтілді. Бұл не үшін жасалады? Жарақат алған, допинг қолданған немесе мансабын аяқтаған спортшыларды алмастыратын резервтік құрамның жұмысы мен дайындығына көп көңіл бөлу, жүзу мен биатлонды дамытудың ұлттық бағдарламалары әзірлен3п, Олимпиадалық спорт түрлерін кешенді ғылыми топтардың мамандарымен қамтамасыз ету көзделген. Бұл – спорт дәрігерлері, массажистер, психологтар, нутрициологтар, реабилитологтар және биохимиктер, – деді Дәурен Абаев.
Министр туризм тақырыбын да айналып өтпеді, өйткені, Ақмола облысында екі ірі демалыс нысаны орналасқан. Мамандар болжамы бойынша жыл соңына дейін ішкі туристер саны 8 миллион адамнан асады. Салыстыру үшін 2020 жылы бүкіл ел бойынша 4,5 миллион турист тіркелген. Елімізге келетін шетелдік азаматтар санының жыл сайын өсуі байқалады. Жыл соңына қарай олардың саны 700 мыңнан асатын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
–Біз 25 елмен 80 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірдік. 74 ел үшін визасыз режим жаңартылды. Әрине, туризмді дамытуда ерекше орын Ақмола облысына – елдің табиғи жауһарына тиесілі. Ең әдемі «Бурабай» ұлттық саябағымен танымал, керемет ормандары мен көлдері бар бұл аймақ мәдени ескерткіштер мен киелі орындар орналасқан аймақ. Ішкі туризмді насихаттау мақсатында «Neo Nomad 2022» ауқымды акциясы басталды. «Neo Nomad 2022» атағын жыл бойы 20 туристік фотоспатта суретке түскен турист алады. Нәтижесінде барлық 20 орынға барған туристерге құнды сыйлықтар тапсырылды. Зеренді ауданы да акция орталықтарының бірі екендігін ескере отырып, сіздерді осындай ауқымды жобаға қатысуға шақырамын, – деді министр.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша министр азаматтарды жеке қабылдады. Онда ақмолалықтардың өтініштерін тыңдап, осы мәселелерді бақылауға алатынын айтты.
- 07.11.2022
- 239