• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысы жәрмеңкеге 850 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді

Елордада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды. 

"Астана Арена" спорт кешенінің жанындағы алаңда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 650 миллион теңге сомасына 850 тоннадан астам өнім ұсынды. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары азық-түліктің 50-ден астам атауын нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуда. Мысалы, мұнда сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа 48 теңгеден, картоп 100 теңгеден сатылуда. 

Жалпы, фермерлер жәрмеңкеге 200 тоннаға жуық ет және шұжық өнімдерін, 100 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдерін, 13 тонна балық, 1 миллион дана жұмыртқа, 25 тоннадан астам ұн, 200 тонна картоп, 100 тоннаға жуық көкөніс, 8 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік өнімдерін әкелді. 

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, елорда тұрғындарына өңірдің өнімдері өте танымал. 

"Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін елорда базарларына үнемі жеткізіп отырады. Астаналық тұрғындарға Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданының сүт, шұжық өнімдері, жұмыртқа және тағы да басқа өнімдер ұнайды", - деп атап өтті Малғаждар Тәткеев. 

Астана қаласының тұрғыны Ғалия Марқабаева жәрмеңкеге таңертеңнен бастап сүйікті тауарларын жағымды бағамен сатып алу үшін келді. 

"Ақмола еті өзінің дәмімен танымал. Бүгін мен сиыр етін 2300 теңгеден сатып алдым. Мұндай жәрмеңкелер отбасылық бюджетті жақсы үнемдейді", - деп бөлісті тұрғын.

"Біз тауық етін әкелдік. Әсіресе таңертең тауық етіне сұраныс көп. Біз бәрін өндірушінің бағасымен сатамыз", - дейді Бұланды ауданының құс фабрикасының өкілі Илья Ильин.

Айта кетейік, Ақмола облысы елордадағы өңірлік жәрмеңкелер циклін аяқтайды.

  • 07.11.2022
  • 266
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика