- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысындағы шекара бекеттерін аралады
4 қарашада аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары барысында «Болашақ» шекара бекеті мен «Темір-баба» өткізу бекетінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі өткізу пунктін аралау барысында «Болашақ» стансасының қызметімен танысты. Бұл Түркіменстанмен шекарада орналасқан шекаралық теміржол вокзалы. Мұнда – Нұрлан Ноғаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Сондай-ақ өңір басшысы «Темірбаба» автомобиль кеден бекетін, Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын радиолокациялық станциялардың көмегімен күзететін «Даля», «Алдияр» және «Бөгет» заставаларында болды. Өңір басшысы мемлекеттік шекараны күзету тәртібі, әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайы, қызмет барысымен жақын танысты.
- 07.11.2022
- 275