• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ERG Ақтөбе облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 3,3 млрд. теңге бөледі

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Eurasian Resources Group Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичпен кездесті. Кездесу барысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.

Ералы Тоғжанов «Қазхром» ТҰК» АҚ ERG еншілес компаниясы өңір өнеркәсібінің флагманы және Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Корпорацияға қарасты кәсіпорындарда 11 мыңға жуық ақтөбелік жұмыс істейді.

«Жыл сайын облыс әкімдігі мен ERG компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, соның аясында «Қазхром» әлеуметтік саланы дамытуға қаражат бөледі. Соңғы 10 жылда тұрғындарды толғандыратын аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін шамамен 16 млрд. теңге жұмсалды. Біз сіздермен осы уақытқа дейін бірлесіп жұмыс істеп келдік  және алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларын бірлесе орындайтын боламыз», - деп атап өтті өңір басшысы.

«Туған қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру – корпоративтік жауапкершілігіміздің негізі. Біз күн сайын қызметкерлердің, олардың отбасыларының және барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосамыз. Компаниялар тобы ERG орналасқан аймақтардағы халықтың жайлы өмір сүруіне және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасауға ұмтылады. Тек биыл ғана біз Ақтөбе облысына 3 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсауға ниеттіміз», - деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич алдағы жылдардың өндірістік жоспарларымен бөлісе отырып.

Алпауыт компания келісім аясында аумақтарды абаттандыру, желілерді жөндеу, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату, медициналық жабдықтар мен қоғамдық көліктер сатып алуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бөлінетін қаржы - 3,3 млрд. теңге. Компаниялар тобы биыл бірқатар жобаларды жүзеге асырды.  Ақтөбе мен Хромтауда балаларға арналған ойын және спорт алаңдары орнатылып, Дөң ауылындағы Білім аллеясы абаттандырылды. Бес автобус жолаушылар тасымалы үшін қалалық паркке берілді. Хромтау қаласының №4 орта мектебінде СТЕМ-зертхана орнатылды. Сондай-ақ, Ақтөбенің Тұрғындар қалашығындағы көпқабатты үйлер жаңғыртылып, Жеңіс аллеясы қайта қалпына келтірілді.

Меморандумда денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылған. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Хромтау тау-кен техникалық колледжінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға  80 млн. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекетіне заманауи медициналық жабдықтар сатып алынбақ.

Сондай-ақ, ERG компаниясының «Tugan Qala» корпоративтік бастамасы шеңберінде 2022 жылдың соңына дейін Хромтау моноқаласын абаттандыру бойынша 11 жоба іске асырылады. Биыл  қазан айында Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасында Хромтауда ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге несие беру туралы келісімге қол қойылды. Мақсат — шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау.

  • 14.11.2022
  • 240
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика