• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында Қазақстан бойынша алғаш рет «БІЛІМ ALL» жобасы бастау алды

Бүгін Ақтөбе облысында шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба бастау алды. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, педагогтер мен шағын жинақты мектеп директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Облыстағы 424 мектептің  66% немесе 281-і  ауылдық жерлерде орналасқан. Оның 204-і – шағын жинақты.

«БІЛІМ ALL»  жобасы 10575 оқушысы бар  120 шағын жинақты мектепті қамтиды. Бұрын аталған мектептердің білім көрсеткіші төмен болатын. Басты себеп — білікті мамандардыңтапшылығы мен материалдық-техникалық базаның әлсіздігі.

«Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда балалардың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Дегенмен жасыратыны жоқ, қала мен ауыл мектептерінің білім сапасындағы алшақтыққа әсер ететін  факторлар бар. Осы мәселелерді шешу үшін бірқатар шаралар қабылдануда.  Бүгінгі күні 114 мектепке кабинеттер сатып алу, мектеп жиһазын жаңарту, оның ішінде кітапханалары мен асханаларын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін 282 мектеп модернизацияланады.  Ауыл  балаларының білім сапасын арттыруда бүгін өз бастауын алып жатқан  «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасының оң әсерін тигізетініне сенімдімін», — деген облыс әкімі бастаманы қолдағанұстаздар қауымына алғысын білдірді.

«Алға ауданындағы 29 мектептің 13-і шағын жинақты. Мәселен біздің мектепте 58 бала оқиды. Бұл жоба білікті педагогтерден жақсы білім алуға, ал ауыл мұғалімдері үшін үлкен тәжірибе жинақтауға және біліктілігін арттыруға тамаша мүмкіндік», - деп атап өтті Алға ауданының Қарақобда мектеп-балабақшасының директоры Еркінбек Зиядинов.

Балаларды үздік нәтижелерге қол жеткізген, жоғары сапалы білім көрсеткен  Ақтөбедегі 6 жетекші мектептің үздік 25 мұғалімі оқытады. Олардың қатарында Дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты, мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты және тағы да басқа  білім ордалары бар. Бір сөзбен айтқанда, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері онлайн-сабақтар өткізетін болады.

«Қала мен ауылдағы білім деңгейін теңестіру мақсатында қолға алынып жатқан жобаның қатысушысы болу — біз үшін үлкен мәртебе. Дарынды балалар ауылда да бар. Бірақ маман тапшылығының кесірінен олардың барлығын дер кезінде тани алмай жатамыз. Алдағы уақытта бұл жобаның ауқымы кеңейетініне сенімім мол», — деді М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» Нұрбек Абдуллин.

  • 14.11.2022
  • 258
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика