- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 жылдың қараша айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда қарашаның бірінші онкүндігінде нормадан жоғары жауын-шашын егіс жұмыстарының аяқталуына біршама кедергі келтірді. Түнгі уақытта ауа температурасының минус 1...9°С-қа дейін төмендеуі Алматы облысы Сарқан станциясының маңындағы кейбір егістіктерде күздік бидай вегетациясының тоқтауына себеп болды. Жауын-шашын топырақтың ылғалдылығын толықтыруға қолайлы болды.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидай егілген учаскелерде «дәннің өнуі» - «көктеу» кезендері байқалған, Жамбыл облысының Қордай агропостының айналасында «3-ші жапырақ» кезеңі байқалды.
2022 жылдың қараша айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy
- 15.11.2022
- 178