- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Өзбекстанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрліктері өкілдерінің 11-ші кездесуі өтті
Самарқанд қаласында өткен іс-шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қатысты.
Кездесу барысында сауда және инвестициялар саласындағы жаңа бастамаларды іске асыру арқылы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық даму мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ведомстволардың өкілдері Түркі инвестициялық қорын, Түркістан облысында «TURAN» арнайы экономикалық аймағын, ТМҰ шеңберіндегі еркін сауда қызметтері мен инвестицияларын қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдауға уағдаласты.
Мәселелердің жеке бөлігі цифрлық экономиканы дамыту және сауда рәсімдерін жеңілдету жайында болды.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі атап өткендей, Қазақстан экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту үшін барлық түркі мемлекеттерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.
ТМҰ мүшелерінің экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркияда 2023 жылы өтеді.
- 16.11.2022
- 180