• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды

Қайырлы күн, құрметті блог оқырмандары!

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жылдық алқа отырысы өтті, онда 2014 жылғы ведомство жұмысының қорытындылары шығарылды, және ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалады.

2014 жылы Министрліктің қызметі Мемлекет басшысының еліміздің әлемнің ең үздік 30 елінің қатарына кіру бойынша жаңа саяси бағыт айқындалған "Қазақстан-2050 стратегиясы және "Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына Жолдауларын, сондай-ақ Президенттің елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Экономиканың өсуін ынталандыру үшін Әлеуметтік-экономикалық саясаттың бiрiншi кезектегi шараларының 2014 жылға арналған жол картасы, сондай-ақ Экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және іске асырылды. ҚР Әлеуметтік-экономикалық саясатын бiрiншi кезектегi шараларының 2014 жылға арналған жол картасының іске асырылуы қамтамасыз етілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2014 жылы елімізде макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілді. Бағалау бойынша, 2014 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,3% құрады. Өнеркәсіптегі өсу 0,3%, ауыл шаруашылығында - 0,8% құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 3,9% - ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,0%, инфляция - 7,4% құрады. Орташа айлық жалақы 120,5 мың теңгені құрады және нақты мәнде 3,9% -ға өсті.

2014 жылы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, сондай-ақ оны іске асыру үшін заңдар қабылданды.

Қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, Үкімет ішкі сұранысты қолдауға, жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға және ЖІӨ-нің оң өсуін қамтамасыз етуге бағытталған контрциклді экономикалық саясат жүргізілетін болады.

Жаңа экономикалық саясатты іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін көліктік-логистикалық, индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғын үй салуға бағытталған "Нұрлы жол мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының жобасы әзірленді. Бұл бағыттар экономиканың өсуіне барынша мультипликативті әсер етеді.

Сонымен бірге, Министрлік мынадай басым бағыттарды айқындады. Сонымен, Дүниежүзілік банктің Doing Business Индексінде Қазақстанның рейтингін одан әрі жақсарту үшін кәсіпкерлікке барынша қолайлы жағдай жасау үшін заңнамалық өзгерістердің екінші пакеті дайындалды. Экономиканы қаржыландыру үшін МЖӘ тетіктерін қолдану кеңейтілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғырту үшін ЭЫДҰ мемлекеттік басқару саласындағы озық стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.

Құрылымдық реформаларды жүргізу Министрлік жұмысының осы жылға арналған негізгі басымдығы болады. Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп институционалдық жобаларды іске асыруға кірісті. 2015 жылы ТКШ, электр энергетикасы, ШОБ қолдау үшін кредит желісін беру және т.б. салалардағы жобаларды қамтитын 33 бірлескен жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

Жалпы, 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінің қызметі Мемлекет басшысы қойған міндеттердің шешімін бұлшытпай қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономиканың тұрақты дамуын және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің тапсырмаларын уақтылы және тиімді орындауға бағытталатын болады.

  • 03.03.2015
  • 15574
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика