• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарға қолдау күшейтілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға жасаған жұмыс сапары барысында балықты өсіру және өндіру бойынша қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Президент жергілікті билікке балық шаруашылығымен айналысатын бизнес түрлеріне қолдау білдіріп, жер телімдерін беріп, балық өнімдерін, Қазақстанға ғана емес, шетелдерге экспортқа жіберу үшін оңтайлы жағдай жасау керек екенін айтты.

Президенттің берген тапсырмасы аясында өңірде балық шаруашылығымен айналысатын бірнеше кәсіпорын ашылып, жергілікті әкімдіктен қолдау тауып, көмек алған. 

Солардың бірі, «Industrial Fish Plant» ЖШС. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органға арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жер телімін сұрап өтініш білдірген. Нәтижесінде мекемеге жалпы көлемі 1200 гектар болатын «Тоқмақ», «Жыланды», «Ракушечный мыс» жерінен үш жер телімі үш жылға зерттеуге берілді. 

Жергілікті әкімдіктен қолдау тапқан кәсіпорынның бірі «CaspyAltynBalyk» ЖШС. Аталған өндіріс орны бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру мақсатында Форт-Шевченко қаласында 0,15 гектар жер телімін алған. Қазір аталған аймақта, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Болашақта кәсіпорын жер көлемін ұлғайтуды көздейді. 

Сондай-ақ, «Каспий Алтын балық» ЖШС-не балықты өңдеу және қабылдау мақсатында Түпқараған ауданында 0,10 гектар жер учаскесі берілген. 

Ал «Caspian Kuryk Balik» ЖШС-не балық және шаян тәрізділерді өсіру үшін Қарақия ауданынан 0,10 га жер учаскесі берілген.

Ақтау қаласында жұмыс істейтін «NATALI COMPANY» ЖШС 2022 жылы 22 тонна балық өнімін өндірген. Оның 7 тоннасын Батыс Қазақстан облысына экспорттаған. Компания алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал әкімдік өз кезегінде тиісті көмек көрсететін болады. 

Өңірде жеке кәсіпкерлерде балық шаруашылығын дамытуға ден қоюда. Оның бір мысалы, Құрық ауылының тұрғыны - Қуаныш Сейітов. Ол балық шаруашылығын дамытумен айналысып жүр. Қазіргі таңда балық шаруашылығын жүргізу үшін кәсіпкерге Қарақия ауданынан 10 га жер учаскесі берілген. 

Балық шаруашылығының дамуы еліміздің экономикасына да оң әсерін тигізуде. Мәселен, «Ақтау балық компаниясы» ЖШС жергілікті және халықаралық нарыққа өнімдерін шығарып жүр. Компания табиғи таза өнімдерін нарықтық бағадан 20% төмен бағада сату үшін, Ақтау қаласында дүкендерін ашуды жоспарлаған. Қазіргі таңда дүкендердің құжаты жасақталып жатыр. 

Сондай-ақ, 2022 жылы «Kazakh osseter» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорны 10 000 кг балық өнімін  Ресей және Әзірбайжан елдеріне экспортқа шығарған.

Айта кетейік, қазір Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамыту жоспары жүзеге асуда. Оның аясында өңірдегі балық өнеркәсібі 2030 жылға дейін бірнеше есе ұлғайып, өсірілетін балық көлемі 100 000 тоннаға жеткізіледі. 

2022 жылы өңірде 37 тонна балық өсіру жоспарланған болса, соңғы деректер бойынша, «Kazakh osseter» ЖШС,  «Каспиан Ривьера» ЖШС және «NATALI COMPANY» ЖШС - жыл басынан бері 38,5 тонна бекіре мен тауарлық балық өсірген. 

Ал келесі жылы 73 тонна балық өсіру жоспарлануда. Бұл дегеніміз балық шаруашылығын дамыту жоспарының қарқынды жүзеге асып жатқанын білдіреді.

  • 21.11.2022
  • 269
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика