- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Қазақстанда 2018 жылдан бастап аукциондық сауда-саттықты өткізудің барлық кезеңінде ең төмен тарифпен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша онлайн-аукцион өтті
2022 жылғы 22 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Ақтөбе облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 14,51 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Next Green Energy» ЖШС (ҚХР) анықталды.
Аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Ecojer» ЗТБ, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 18.07.2022 ж. №243 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2022 жылдың 22-29 қарашасы аралығында белгіленген қуаты 300 МВт көлемінде жел электр станциялары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/326797?lang=kk).
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып «ЭЭҚРҚО» АҚ айқындалған.
- 23.11.2022
- 234