• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі және БҰҰДБ саясат және бағдарламалық қолдау бюросының директоры Хаолянь Шумен кездесті.

Іс-шараға ҚР БҰҰДБ Тұрақты өкілінің м.а. Сухроб Ходжиматов пен БҰҰДБ департаментінің директоры Айнұр Баймырза қатысты.

ҰЭМ басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және барлық маңызды мәселелер бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

«Біз БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарламасын қолдаймыз. Ол ел дамуының басым бағыттарын қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік мәселелеріне аса назар аударылады. Бағдарлама ҚР-да жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар аясында өзекті болып табылады», - деді Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар, тараптар Париж келісімін ратификациялауда және экономиканы декарбонизациялау бойынша ҚР-дың маңызды рөлін ерекше атап өтіп, «жасыл» экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.

«Қазақстан өз алдына 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша өршіл мақсат қойды. Біздің ел Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың институционалдық базасын қалыптастыруға және дамытуға көп көңіл бөледі. ТДМ-ға қол жеткізу аясында 262 жергілікті индикаторлар қарастырылған, олар мемлекеттік жоспарлау жүйесімен біріктірілген. Бұл мәселеде біз ең озық тәжірибелерді қарастыруға және болашақта осы тәжірибені қолдануға дайынбыз», - деп хабарлады министр.

Сондай-ақ, ол 16-17 маусымда Алматы қаласында өткен Орталық Азия елдерінің ТДМ бойынша екінші Саммитін ұйымдастырғаны үшін БҰҰДБ-ға алғысын білдіріп, «Қазақстан қатысушы елдердің географиясын кеңейте отырып, үшінші саммитті қабылдауға дайын»,-деді министр.

Өз кезегінде Хаолянь Шу БҰҰ-ның Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуге дайындығын растады.

«БҰҰДБ экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Әсіресе салық және тарифтік саясат, білім беру және цифрландыру салаларында. Жалпы, Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Бұл салада сіздер басқа елдерге үлгі бола аласыз», - деді БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі.

  • 24.11.2022
  • 283
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика