- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 24-29 қараша аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,54м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,18м-ден 28,92м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,87м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,60м-ден 29,29м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 17-23 қараша аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,56м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,18м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,91 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,81м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,67м-ге, ең төменгі мәні минус 29,27м-ге сәйкес келді.
- 25.11.2022
- 228