• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтау қаласында Транскаспий өзара байланысын дамыту бойынша министрлердің кездесуі өтуде

Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамытуға арналған іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері және көлік мәселелеріне жауапты министрліктердің басшылары қатысуда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүктерді тасымалдаудың бірнеше есе өскенін атап өтіп, аталған халықаралық маршруттың өткізу қабілетін кеңейту үшін Қазақстан тарапынан қабылданған шаралар туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, биыл 10 айдың көлемінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ТХКБ бойынша шамамен 1,5 млн тонна тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте контейнерлік тасымалдау көлемінің өсу серпіні 55 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ Қ.Өскенбаев қазіргі уақытта ТХКБ көлік инфрақұрылымы 6 млн тоннаға жуық, оның ішінде 80 мың жиырма футтық эквивалент тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жүктерді тасымалдау көлемінің күрт өсуімен маршрутта «тар жерлер» анықталды. Осыған байланысты мүдделі елдер арасында 2022-2027 жылдарға арналған «тар жерлерді» синхронды жою және орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын құру бастамасы көтерілді.
ҚР ИИДМ басшысы аталған маршруттың өткізу қабілетін кеңейту мақсатында теміржол желісі мен порт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ порттардың акваторияларында теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

-Контейнерлік паркті және жеке паром флотын толықтыру, сондай-ақ шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мәселелері қарастырылуда. Қазақстан бір апта бұрын Достық-Мойынты учаскесінде ұзындығы 836 шақырым екінші жол құрылысын іске асыруға кірісті, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада үшінші шекара өткелін ашу және Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісін салу мәселелері пысықталды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Қаражаттың 80 пайызын Еуразиялық даму банкі, ал 20 % - «Қазақстан темір жолы» АҚ береді деп жоспарлануда, – деді министр.

Бұдан басқа, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ кеден және сауда процестерін цифрландыру үшін сингапурлық PSA International компаниясымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта PSA International және ҚТЖ қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында KPMC Ltd еншілес компаниясы құрылды. Жол картасында көрсетілген іс-шараларды іске асыру 2025 жылға қарай дәліз бойынша өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

  • 25.11.2022
  • 272
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика