• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Е.Тоғжанов: Ақтөбе облысы Президенттің кооперативтерді дамыту туралы тапсырмасын 100 пайыз орындауға дайын

  Бүгін Ақтөбеде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қаржы институттарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласы ардагерлерінің қатысуымен практикалық конференция өтті.

        Шара қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ералы Тоғжанов биыл сала қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін жақсы нәтижелермен атап өтіп жатқанын алға тартты. Дәлірек айтқанда, облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 381,1 млрд.теңгені құрады. Өсім барлық бағыт бойынша байқалған. Әсіресе, астық саласында жетістік мол. Жиналған астық көлемі былтырғы көрсеткіштен екі есеге артып, 532 мың тоннаға жетсе, жылқы, ірі қара, ұсақ мал, түйе санының басы 5,4 %-дан 30,3%–ға өсті. Ауылшаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану бойынша да бақылау күшейтілді. Екі жылда 1 млн-нан астам гектар жер қайтарылып, оның 680 мың гектары қайта айналымға енгізілген. 

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру стратегиялық міндет екендігін айқындап өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл өңірлер арасында алғаш болып Ақтөбе облысында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды. Жобаны іске асыру ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап кооперативтерді дамытуға 1 трлн. теңге бағыттау жөнінде шешім қабылдады. Облысымыз бұл тапсырманы 100 пайыз орындауға әзір, себебі «Ауыл аманатын» жүзеге асыруға дайындық кезінде бүкіл ауылдарға скрининг жүргізілді. Ел Президентінің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау – біздің басты міндетіміз, өйткені халықтың әл-ауқатының артуы осыған тікелей байланысты», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

        «Ауыл аманаты» жобасына облыстағы 12 ауданның 24 ауылдық округі қатысады. Тұрғындар республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд.теңгеге 2 772 жобаны жүзеге асырады. Бұл ретте Ақтөбе облысы жобаның ауқымын кеңейтті, яғни ақшалай қарыздардан басқа ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тауарлық несие ретінде 6000 бас мал береді деген шешім қабылданды.

  • 28.11.2022
  • 258
Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика