• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат

17-18 қарашада астанада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдау көрсетуімен «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізуде.

Конференцияның алаңы Қазақстан, Чехия, Швейцария, Үндістан және АҚШ ғалымдары мен сарапшыларын, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Конференцияда балалық шақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, бақытты отбасы моделін қалыптастыру, демографиялық даму перспективалары, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Осы тақырыптардың әрқайсысына жеке сессия арналған.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы
Аида Балаева конференцияны аша отырып, «Қазақстан үшін отбасы институты мемлекеттің маңызды тірегі және отбасы саясаты ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Үкіметтің алдына жыл сайын ана мен баланы қорғау, отбасының әл-ауқаты саласындағы заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылады.

Біз үшін гендерлік теңдік саласындағы өз тәжірибемізді басқа елдердің ғылыми-сараптамалық қоғамдастығымен бөлісу, сондай-ақ бірлескен жобаларға қатысу маңызды» екендігін атап өтті.

«Қазіргі ауқымды әлем бізге көптеген жаңа сынақтармен күн тәртібін белгілейді. Бүгінгі таңда ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен отбасының тәрбиелік рөліне, демографиялық дамуына, адамның өмір сапасына әсер ететін гендерлік теңдікке байланысты күрделі мәселелерді шешудің жолдарын табу өте маңызды» деп Ұлттық комиссияның Басшысы ғалымдар мен сарапшыларды күрделі мәселелерді шешу жолдарын табуға шақырды.

Конференция аясында Қазақстанның соңғы үш жылдағы отбасылық және гендерлік саясат салаларының тәжірибелері ұсынылды.

Атап айтқанда, біздің елімізде Әл-ауқат индексі әзірленді және енгізілуде екені атап өтілді. Мектептегі психологиялық қызметтердің бірыңғай ережелері жұмыс істейді. Өңірлерде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды.

Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясатты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдердің рөлін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік база айтарлықтай нығайтылды.

Мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, отбасылық саясат саласындағы тенденцияларға мониторинг пен жүйелі талдауды жүзеге асыру үшін Үкіметтің жауапкершілігі арттырылды. Тиісті функциялар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бейіндік комитетіне берілді.

Мемлекеттік отбасылық саясатты қалыптастыру мен талдаудың институционалдық негізі дамуда. Отбасы институтын зерттеу орталығы құрылды.

«Қазақстандық отбасылар», «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ұлттық баяндамалар үнемі жарияланып тұрады. Халықаралық ұйымдардың қолдауымен ұлттық зерттеулер кешені жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштерін жақсартып, 80-ші орыннан (2021 жыл) 65-ші орынға (2022 жыл) дейін көтерілгендігін сарапшылар атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, ол Үкімет пен жергілікті басқару органдарының құрылымдарына жеткізілетін болады.

  • 29.11.2022
  • 248
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

Қамбаров Қ.Т.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика