- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстаудағы жолдар туралы: мәселелер, жоспарлар мен атқарылған жұмыстар
Маңғыстауда жыл сайын жөнделген және жаңадан салынған автожолдардың шақырымы өсіп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, аймақтағы жолдардың шамамен 95%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш жүз пайызға дейін жетеді деп күтілуде.
Жоспарлар туралы
2022 жылдың басынан бастап өңірдің 205,4 шақырым жолын қамтитын 14 жобаға бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлінді.
Жолдардың келесі учаскелерінде жөндеу және реконструкциялау жоспарланып отыр:
МАЭК су жинау каналынан «Құрық» паром кешеніне дейінгі жол,
«Ақтау-Форт-Шевченко» трассасының учаскесі,
«Хонда» орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі жол,
«Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» трассасының учаскесі,
«Шетпе-Қызан» трассасының учаскесі,
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы аудандық маңызы бар жолды қайта жаңарту, Басқұдық ауылынан Маңғыстау ауылына дейінгі жол учаскесі,
теңіз портына дейінгі автомобиль жолын қайта құру,
Ақтау-Қаламқас және Таушық-Шетпе трассаларында жасанды құрылыстарды қайта жаңарту;
«С.Шапағатов-әуежай» облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу;
Сондай-ақ Өмірзақ кентінен жылы жағажайға, Басқұдық ауылына, сондай-ақ МАЭК су қабылдағышынан жаңа жолдар салу жоспарлануда.
Бюджет қаражатын пайдалану туралы
Екі жыл бұрын өңір үшін маңызды «Құрық-Құрық порты» автожолының 22 шақырымын қайта жаңарту басталды.
Сонымен қатар, «Шетпе-Үштаған» жолының 54-шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ақтау – ФортШевченко – Қаламқас кен орны» (66 шақырым) және «Оңды ауылына кіреберіс» (8 шақырым) автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-«2020 жылы жергілікті жолдарды жһндеу үшін бюджеттен 11,6 млрд теңге бөлінді. 154 шақырым жолға асфальт төселді. Ұзындығы 149 шақырым болатын сегіз жолды қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл ұзындығы 51 және 46 шақырым болатын «Ата жолының» бірінші және екінші кезеңдері. Бұдан басқа, «Форт-Шевченко-Таушық» автомобиль жолының 0-52 шақырымы, Ералиев станциясына кіреберіс жолының 12 шақырым, ұзындығы 17,7 шақырымдық «Қызылсай-Сенек» автомобиль жолының, ұзындығы 2,8 шақырым Шайыр ауылына кіреберіс жолдың, Жармыш ауылына кіреберіс жолдың 2 шақырымында, сондай-ақ, дәл осындай кіреберіс жолға Сыңғырлау ауылында да орташа жөндеу жүргізілді», - дейді Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 46 шақырым жол салынып, 47 шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізілген.
Өткен жылы жергілікті жолдарға бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. 55 шақырымдық автожолдарға жаңа асфальт төселіп, сонымен қатар 70 метрлік көпірді қайта құру толығымен аяқталған.
«Маңғыстау облысындағы «МАЭК» су қабылдағышынан Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту жүргізіліп, «Шора» суағар арнасы арқылы көпір жасалды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жетібай ауылында 18,8 шақырым, Сайын Шапағатов ауылында 29,7 шақырым, Ақжігіт ауылында 2,6 шақырым, Құрық ауылында 4,8 шақырым, Бостан ауылында 2,7 шақырым, Шетпеде 20 шақырым, Жыңғылды ауылында 5,1 шақырым және Басқұдық ауылындағы 3 шақырымдық жол жөнделді. Кентішілік жолдарда жөндеу және құрылыс жұмыстары 101 шақырымға жүргізіледі. Республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Адайбек Қалиев.
Шағын аудандар ішіндегі жолдарды жөндеу
Соңғы екі жылда Ақтаудың 11 шағын ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оған ауданішілік жолдарды жөндеу де кірді. Мәселен, 2020 жылы алты шағын ауданда толық абаттандыру жүргізілді, оның ішінде 268,9 мың шаршы метр автомобиль жолдары жөнделді, ал бес шағын ауданды абаттандыру кезінде 2021 жылы 262,9 мың шаршы метр автожол жөнделді.
2022 жылы Ақтаудың 19 шағын ауданының ішкі жолдарын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыстарды бастау үшін қажетті құжаттар ресімделіп жатыр және жол құрылысы бойынша жұмыстарды толық аяқтау келесі жылға жоспарланып отыр.
Жолдағы қараусыз мал мәселесі
Маңызды мәселе – жолдардағы қараусыз мал.
Биыл Маңғыстауда қараусыз малмен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті.
Осы себепті, апаттарды болдырмау үшін автожолдарда «электр шопаны» құрылғылары орнатылады. Мұндай арнайы құрылғылар қазірдің өзінде «Ақтау–Жетібай» республикалық маңызы бар жолдың 80 шақырымында жұмыс істеп тұр.
«Электр шопаны» төрт түлік жайылымдарын, егістіктердегі мал мен жануарлардың шығынынан қорғауға, сондай-ақ малдың көлік магистральдары жолдарға түсуіне жол бермеуге арналған.
Инфрақұрылымдық даму туралы
Маңғыстау облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойындағығы қызмет түрлері дамып жатыр. Бұл бағытта өңірде 33 нысан жұмыс істейді: олар кемпингтер, кешенді демалыс орындары, жанармай құю станциялары және тамақтану пункттері.
Жергілікті әкімдіктер тарапынан кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымды тарту және қосымша жер учаскелерін беру мәселесі бойынша қолдау көрсетіледі.
- 30.11.2022
- 254