• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында этномедиацияның дамуы талқыланды

Маңғыстау облысына арнайы сапармен келген Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысып, кезекті сессия отырысына қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен, “Достық үйінде” Маңғыстаудағы этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі болды. Содан кейін қонақтарға Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының музейі көрсетілді. Марат Әзілханов пен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа «Қазақ тілінің бірінші клубы» әлеуметтік жобасы таныстырылып, қатысушылар қазақ тілінен алған білімін ортаға салды.

Негізгі шара - ҚХА сессиясына этномәдени орталықтардың басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, жастар, қоғамдық пікір белсенділері қатысты.

Марат Әзілханов елдің тыныштығы мен бейбітшілігін, ынтымағы мен бірлігін қалыптастыруға үлес қосып отырған Ассамблеяға артылған жауапкершіліктің жүгі жеңіл еместігін атап өтті.

-Елдің саяси жүйесі қазір дамудың жаңа сатысында. Түрлі реформалар орын алуда. Ең бастысы - оң өзгерістердің қоғам тарапынан қолдау тауып, еліміздің әрі қарай дамуы. Бұл үшін елдің бірлігі, ынтымағы маңызды екені белгілі. Осы тұста Қазақстан халқы ассамблеясының атқарар жұмысы маңызды. Биыл 15 қыркүйекте Қазақстан халқы ассамблеясының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы да бекітілді. Құжат ел дамуына, Ассамблея жұмысына мол үлес қосатынына сенімдімін. Бүгінде Республика бойынша 1000 нан астам этнобірлестік бар. Оның 15-і республикалық деңгейде. Сонымен қатар, Ассамблея жанында Аналар кеңесі, Жастар қанаты да жұмыс жасап келеді. Бұл кеңестер Маңғыстау облысында да бар. Сондай-ақ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі Ассамблея кафедрасы жұмысын да атап өтуге болады. Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ел дамуындағы маңызды рөлін айта отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, - деді Марат Әзілханов.

Сессия жұмысын жүргізген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы медиация институын ерекше атап өтті.

-Дін, тіл арасындағы татулық ел дамуындағы алғышарттардың бірі. Осы орайда Маңғыстау облысы да ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатыр. Аймақтағы татулық - сол атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы білім, денсаулық сынды түрлі әлеуметтік салаларда да маңызды жұмыстар атқарып, түрлі қолдау, қайырымдылық шараларын өткізуде. Алдағы бірлескен жұмыстардың да нәтижесі мол болады деген сенімдемін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сессия барысында 2021-22 жылдары облыста атқарылған жұмыстар баяндалып, жаңа жоспарлар талқыланды. Маңғыстау облыстық ҚХА-ның жаңа құрамы да бекітілді.

Жиынды қорытқан ҚХА төраға орынбасары Марат Әзілханов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстау жерінің өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Шара соңында келісім мен татулықтың белгісі ретінде «Достық аллеясы» ресми ашылып, жас талдар отырғызылды.

  • 30.11.2022
  • 282
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика