- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
С. ТРҰМОВ: 10 АЙДА 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Маңғыстауда жеке тұрғын үй құрылысы мен мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүргізілуде. Дәлірек айтқанда, көрсеткіш 13,5%-ға өсіп, 151,9 млрд. теңгені құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 7400 пәтер. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1,2 млн. шаршы метрге жеткіземіз деген жоспар бар.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 154 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді баспанамен қамту мақсатында 130 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Жыл соңында тағы 419 отбасыға пәтер беру жоспарлануда (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары – 204, көп балалы отбасылар – 215. Бұған 2,9 млрд. теңге бөлінген», -деді С.Трұмов.
Бұдан бөлек, жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан тұрғын үй беру үшін 150 пәтер бөлінді. Ал, «7-20-25» бағдарламасы аясында 8,1 млрд. теңгеге 800-ге тарта өтінім мақұлданды. Бұған қоса, «Шаңырақ» пилоттық жобасы «5-10-20» бағдарламасымен 93 пәтер берілді.
- 24.11.2020
- 242