• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР-да бастапқы энергия тұтыну ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі және әлемдік орташа деңгейден екі есе жоғары

Жылыту, бастапқы энергияны тұтыну, үнемдеу принциптері. 2022

ҚР-да бастапқы энергия тұтыну ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі: жан басына шаққанда 150,1 ГДж. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе және ЭЫДҰ-ға кірмейтін басқа елдердегі көрсеткіштен үш есе дерлік жоғары. Салыстыру үшін: Еуропада бастапқы энергия тұтыну жан басына шаққанда 122 ГДж, Таяу Шығыс елдерінде — 143 ГДж, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде — бар болғаны 63,6 ГДж, дүниежүзілік орташа көрсеткіш — жан басына шаққанда 75,6 ГДж. ТМД елдерінде Түрікменстан мен Ресейде ғана көрсеткіш Қазақстаннан жоғары.

Бастапқы энергия — жасанды түрлендіру процесіне ұшырайтын табиғаттағы энергия түрі. Басқаша айтқанда, бұл елдегі халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін және экономиканың барлық салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергия мен отынның әртүрлі түрлерінің жиынтығы.

Бастапқы энергия конверсиялық процестердің нәтижесінде қоғам тікелей пайдалана алатын энергияның неғұрлым ыңғайлы түрлеріне айналады, мысалы, жылу, электр энергиясы, тазартылған отын және т. б.

ҚР-да басқа елдермен салыстырғанда электр энергиясы мен газды тұтынудың жоғары деңгейі, сондай-ақ бұл коммуналдық қызметтер құнының өте арзан екенін біз бұған дейін жазған болатынбыз. Жылытуға келетін болсақ, бұл жерде мемлекеттер арасында тікелей салыстыру мүмкін болмайды: елден елге жылу беру принциптері өте әртүрлі. Айталық, электр энергиясымен (Дания мен Финляндия), геотермалдық энергиямен (Исландия), иннераторлардан алынатын жылумен (Норвегия), әртүрлі энергия көздерінің комбинациясы (Швеция) және басқа да ондаған нұсқалармен бірге өндірілетін жылуды қолдануға болады. Климаттың да рөлі бар, бұл елдер мен жылу жүйелерін тікелей салыстыруға мүмкіндік бермейді.

Біздің елімізде үй шаруашылықтарының 52,6%-ы орталықтандырылған жылыту жүйесін пайдаланады. Тағы 25,2%-ы автономды пешті газбен жылытса, 23,3%-ы қатты отын, 0,2%-ы сұйық отын, 0,2%-ы электр қуатын жылыту үшін пайдаланады.

Орталықтандырылған жылумен қамту саласында (реттелген коммуналдық қызметтер) биылғы қазан айының қорытындысы бойынша баға жыл ішінде 2% төмендеді. Биыл бағаның төмендеуі тарату желілері арқылы тасымалданатын газдың (сонымен қатар реттелетін қызмет түрі) де байқалды. 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда қазан айында тарифтің төмендеуі 0,6%-ды құрады. Ал қатты отын бір жылда 11,1% қымбаттады. Бұл өнімнің құны реттелмейді.

Ескерту: ҚР-дағы коммуналдық қызметтер үшін төлемнің дұрыс есептелуі жіті қадағаланады. Жылуға артық төленген шамамен 490 млн теңге тұтынушыларға қайтарылады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті. Жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталды. Қайта есептеу нәтижелері бойынша есептелген қаражатты қайтару тұтынушылардың жеке шоттарында жаңа жылыту кезеңінде (2022-2023 жж.) немесе күнтізбе бойынша яғни 2022 жылдың соңына дейін аванс (баланс) түрінде көрсетіледі.

Табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметінің құнын тікелей тұтынушыларға, ал тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда төлем жасау кезінде реттелетін жылумен жабдықтау қызметінің тарифін төмендету арқылы қайта есептеуге міндетті, деп хабарлайды комитет.

Қайтарылатын қаражаттың ең көп мөлшері Шығыс Қазақстан облысына (186,2 млн теңге), Қарағанды облысына (81,3 млн теңге), Алматыға (40,9 млн теңге) және Қызылорда облысына (38,8 млн теңге) тиесілі.

Бұл арада жылуды үнемдеу мәселесі жылумен жабдықтауды ұйымдастыру принципіне қарамастан кез келген елде қарастырылуы керек. ҚР-да автономды жылытуды пайдаланатын азаматтар бірінші кезекте газды немесе қатты отынды үнемдеуі керек. Біз қазірдің өзінде газды үнемдеу туралы жазған болатынбыз, және тұтастай алғанда, дәл осындай кеңестер отынның кез келген түріне қатысты.

Орталықтандырылған жылыту құнына келетін болсақ, Қазақстанда ол жылытылатын бөлменің ауданына және сырттағы температураға байланысты. Міне, үнемділік қағидалары да осында.

  • 01.12.2022
  • 309
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика