• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 39 ЖОБА ЖАСАЛДЫ

 Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Елбасының «Nur Otan» партиясының 18 съезінде берген тапсырмасына сәйкес қабылданған «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру жолдары баяндалды. Оның басты мақсаты-ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңартып, өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
Бүгінгі таңда «Ауыл-ел бесігі» жобасына даму әлеуеті бар және халық саны көп 28 ауылдық елді мекен енгізілді. Жобаның мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңарту, оларды Аймақтық стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
Ағымдағы жылы осы жобы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Рахат, Шетпе жолдар мен әлеуметтік нысандарды салу және орташа жөндеу жүргізілді. Барлығы 3,8 млрд. теңгеге 39 жоба жасалды.
«Ауыл-ел бесігі» аясында 2021 жылы 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Сайын Шапағатов ауылы – 9 жоба, Жетібай ауылы-3. Қазіргі уақытта олардың үшеуі аяқталды, бесеуі бойынша құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 2 жоба - Ақшұқыр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы келесі жылға көшіріледі.
Бұдан кейін жұмыс барысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов халыққа атаулы әлеуметтік көмек бөлу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Оның мәліметтінше, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 20 545 адам (3 807 отбасы) жалпы алғанда 1,6 млрд.теңге алды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету үшін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 895 бала 209,3 млн.теңгеге азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілді. Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі ағымдағы жылдың 2 тоқсанынан бастап 37 798 теңгеден 41 695 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ кеңес барысында кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалардың санитариялық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтың жұмысы туралы баяндама жасалды. Бүгінде Маңғыстау облысында 24 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына тәртіп сақшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері кіреді. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілер ерекше үлес қосуда. Олар мониторинг тобына тәртіп бұзушылық фактілерін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары да тартылды.
17 тамыздан бастап облыс бойынша 5235 кәсіпкерлік нысаны жұмысын қайта бастады. Бүгінгі күнге дейін 761 рейдтік іс-шара өткізілді. 1748 нысан қамтылды, 131-де санитарлық талаптардың бұзылуы анықталды. ЖПҚ қызметкерлері облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 443 материал жіберді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 109 жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 8 986 830 теңге айыппұл салынды.

  • 24.11.2020
  • 385
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика