- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
ДМҰ-ның жаһандық су ресурстарының жай-күйі туралы алғашқы баяндамасы таныстырылды
2022 жылғы 29 қарашада Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде ДМҰ-ның 2021 жылғы жаһандық су ресурстарының жай-күйі туралы алғашқы баяндамасы таныстырылды. Есеп су ортасындағы өзгерістер туралы аса маңызды гидрологиялық ақпаратты жинауға арналған. Болашақта ДМҰ мұндай баяндаманы жыл сайын жариялауды жоспарлап отыр. Құжат су ресурстарын жедел басқару, климаттың өзгеру салдарын азайту және оған бейімделу стратегиялары мен әрекеттерін әзірлеу үшін пайдалы. Баяндамамен таныстыру ДМҰ-ға кіретін елдердің гидрометеорологиялық қызметтері үшін онлайн режимде өткізілді.
Әлемдегі су ресурстарының жай-күйі туралы жыл сайынғы есеп қоршаған ортаның өзгеруі мен антропогендік әрекеттің гидрологиялық жағдайға әсерін сандық тұрғыдан бағалауға көмектеседі. Ол тарихи гидрологиялық мәліметтермен салыстырғанда ағымдағы жағдайлардың өзгеруі туралы түсінік береді.
- 01.12.2022
- 213