- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин облыс активіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №37 Жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған Ермек Боранбайұлы Маржықпаевты таныстырды.
М.Мырзалин Ермек Маржықпаевтың аталған лауазымда тәжірибесі мен білімінің мол екендігін және аймақтың одан әрі дамуына өзінің лайықты үлесін қосатындығын атап өтті.
–Аймақ алдында жаңа өндірістерді ашу, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, инвестициялар тартып, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту міндеті тұр. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сіз Президенттің сенімін ақтайды деп сенемін, – деді М.Мырзалин.
- 05.12.2022
- 188