Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 35239
- 26.05.2011
- 30.05.2011
Абай Мұратов 27.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан 30 мыңнан астам тұрғындары бар бірнеше ықшам аудандардан тұратын облысымыздағы ірі елді мекен. Алайда, бүгінгі таңда қаламызда жалпы білім беретін мектептердің жеткіліксіздігі анық байқалады. Сонымен бірге қала қаншалықты ірі болғанымен бір де бір мектеп-интернаттың болмауы көңілді ерекше қынжылтады. Осыған орай, Қандыағаш қаласында жаңа мектеп және интернет ғимараттарының салынуына ықпал етуіңізді сұраймыз
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Алтынбек Сағын, зейнеткер 27.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Қобда ауданының Талдысай ауылында өткен жылы сәулетті мектеп ғимараты салынды, бүгінгі күні көгілдір отын ауданымызға қарай тартылып жатыр.Ендігі бір тұрғындардың тұрмысын жақсартуға әсер етер өзекті мәселе – су құбырлары жүйесі салына ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қараой селолық округі тұрғыны – Бақтыгүл Жұмабекова 27.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Ойыл ауданы, Қараой ауылдық округінің Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаториясына қатынау үшін жеңіл автокөлік керек. Себебі, аудан орталығына қатынау қашық. Осы дәрігерлік амбулаторияға жеңіл-жәрдем автокөлігін беру?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қ.Наурызов – мұғалім 27.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Алға ауданы дотациялық аудан болғандықтан мемлекеттік тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінбейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Алға қаласы бойынша бюджет қызметкерлері үшін арендалық тұрғын үйлер салу құрылысына облыс тарапынан қаржы бөлу мүмкіндігі бар ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Молодая мама Галия 27.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Ни для кого не секрет – мест в детских садах не хватает. В очереди на получение места в детском саду стоят по 1-2 года. Каковы перспективы развития детских садов в областном центре, что мы получим в 2011 году?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)