Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 117836
- 26.10.2011
- 26.10.2011
Жұмағалиева Алтынгүл 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Жұмағалиева Алтынгүл Ілиясқызы №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына сәйкес білім бері жүйесін қазіргі заманғы талапқа сай дамыту тапсырмасы облыста үлкен қарқынмен жүргізіліп жатырғанына куә болып жатырмыз.
Сіздің тікелей қолдауыңызбен басқа салаларды айтпағанда, тек Атырау облысының білім саласына түбегейлі бетбұрыс, жаңа леп, өзгеше қарқын, тың жаңалықтар келгенін жұртшылық мойындайтын ақиқат.
Ақпарат беттерінен баяндамаңызда соңғы бес жылда облыста қатарынан қазіргі заман талабына сай, зәулім 25 жаңа білім беру нысаны іске қосылып, авариялық мектептер, үш ауысымды оқыту жүйесі мүлде жойыла бастағанын біліп отырмыз.
Тек биылдың өзінде ғана облыста бес бірдей мектеп салынып жатыр екен және алдағы екі жылда облысты керекті білім ордасымен жүз пайыз қамтылады екен. Сол кезеңде облысымыз жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етпейді екен. Бұл жұмыстар басқа өңірлерде енді басталып жатқан кезде, бүкіл аймақты толықтай қамтыған осындай ауқымды құрылыс, қарқынды жұмыс алғаш рет біздің өңірде іске асыпты. Бұл үлкен жетістік!
Одан басқа, облыстағы күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің 50 пайызын түбегейлі жаңартып, қайта салу жоспарланыпты. Бұл жұмыстар да алдағы екі жылда аяқталады делінген. Сонда облыста ескіріп, тозған бірде-бір білім ордасы қалмайтыны анық. Бұрын осы жағдайдың бірі болған жоқ, оны осы жерде отырған бәріміз жақсы білемі
...
Толығырақ
Ержан 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Дарынды оқушыларға әлеуметтік қолдау жұмысы алға қарай жалғасады ма?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Кайрат 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Назовите самые крупные планируемые проекты?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Максот 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Азық-түлік қауіпсіздігін сақтай отырып, халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бұл бағытта жергілікті жерде қандай жұмыстар жүргізілуде?Сонымен қатар тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыруда жергілікті жерден мал өнімдерін облыс орталығындағы сауда орындарына сатуда қиыншылықтар тап болуда. Атап айтқанда ауыл тұрғындары қолдарындағы малды сойып сатуға келгенде базарлардан орын алып сату қиын болып отыр. Бұл мәселені шешудің жолы бар ма?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Ондасынов Асылбек 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Мен қазір Қарабатандағы түрік фирмасында жұмыс жасаймын, бірақ, ол фирма қысқартуға ілігіп, жұмысшыларын жаппай кысқартып жатыр, сонда біз қайда барамыз, жұмыссыз қаламыз ба? Ертең завод қосылған кезде бізге жұмыс бола ма екен, мен өзім осы фирмада система технигі болып жұмыс жасаймын.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)