Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 116955
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011

Эльмира 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! 2011-2012 жылғы мал қыстағы науқанын ойдағыдай атқаруға қажетті мал азығының дайындалу барысы қалай жүруде?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Қанат 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Салаумалейкум, Бергей Сәулебайұлы! Мен 2008 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Жеке кәсіпкерлікті ұлғайтқым келеді. Мемлекеттік органдардың (мектеп, бала-бақша т.б) – «Жылу қазандықтарына және жылу жүйесіне техникалық қызмет» (тех. обслуживание котлов и тепловых сетей) көрсетіп өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл үшін ИП-ның атына лицензия алғымыз келеді. Сол жөнінде біздер өзіміздің Құлсары қаласына жеке кәсіпкерлердің сұрағына жауап беруге келген Институт повышения квалификации «МПА» «Туран-профи» мекемесіне бардық. Олармен келісім-шарт жасастық 24.08.2011ж. Оларға жазбаша түрде арыз жаздық. Олар бұл лицензияны алу жөнінде жауап береміз деп уәде берген, бірақ осы уақытқа дейін жауап жоқ. Бизнесті дамытуға, Лицензия алуға сіздердің тараптарыңңыздан қандай көмек болады? Рахмет!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Аскар 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Назовите самые крупные планируемые проекты?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Мейрамбек 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Аудандардың елді мекендерінде жанұялық дәрігерлік бөлімдер жетіспейді, құрылысы салына ма?

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Тахауов Бауыржан 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Қазақстан бойынша бірінші рет Атырау қаласында мүгедектер спорт клубына спорт кешені арнайы берілді. Мүгедек спортшыларға қолдау көрсетіп, арнайы спорт кешенін сыйға тартып отырған Сізге, Бергей Сәулебайұлы, алғысымыз зор. Қашанда, спорт жанашыры бола білген ел ағаларының арқасында, ел спорты алға басып, әлемдік аренада көк туымызды желбірететін саңлақ спортшылар саны жылдан-жылға көбейе берсін.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)