«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Б.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 2110
  • 27.04.2020, 09:00
  • 30.04.2020, 18:00
  • Қарағанды облысы

Абишов Ернат 27.04.2020, 14:03 Сұрақ нөмірі: 9213
  • 0

Қайырлы күн, құрметті Айгүл Бейбітбайқызы! Менің бір мынандай сұрағым бар еді. Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмысқа қабілетті халық, оның ішінде біз, мемлекеттік қызметшілер үйде отырып, қашықтан жұмыс істеудеміз. Осы орайда, мәселен бір қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді тағайындадық делік. Тергеп-тексеру тағайындалған қызметші және өзге де тексеруге мүдделі лауазымды тұлғалар, бәрі қашықтықтан жұмыс істеуде. Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін маған жан-жақты және сапалы ақпарат жинап, мемлекеттік қызметшінің құқығының бұзылмауына барлық жағдайды жасауым керек. Қызметтік тексеру бойынша кейбір деректерді айғақтайтын дәлелдерді көрсетуге қашықтықтан жұмыс істеп отырған тұлғаларға мүмкін болмай отыр. Бұл орайда қызметтік тексеру мерзімі, төтенше жағдайдың ережелерін ескере отырып, тоқтатыла тұруы мүмкін бе? Жауабыңызға рахмет.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Абеуова Гульмайра 27.04.2020 Сұрақ нөмірі: 9212
  • 0

Добрый день! Я являюсь действующим государственным служащим. Хочу перейти в другой отдел через общий конкурс. Должен ли я сдавать тестирование?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)