Жалпыға қолжетімді дербес деректер тізбесін айқындау және бекіту
Жалпыға қолжетімді дербес деректерді қолжетімділігі шектеулі дербес деректерден нормативтік ажырату мәселесі қаралуда. Яғни, жалпыға қолжетімді деректерге жатқызылған дербес деректердің тізбесін бекіту ұсынылады. Осылайша, жалпыға қолжетімді Тізбеге енгізілген Дербес деректер пайдаланылуы, қайта жариялануы және таратылуы мүмкін. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, өз кезегінде, қорғалады, ал оларды заңсыз жинау – жолын кеседі және жазаланады. Бұл әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың ашық деректерді жариялауымен байланысты. Ашық деректер кейбір жағдайларда дербес деректерді қамтитындықтан, Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамада белгіленген талаптарды қолдану мүмкін емес.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 1068
- 13.10.2020, 10:30
- 13.10.2020
- ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Ағабекова Ғайни 13.10.2020, 11:02 Сұрақ нөмірі: 9716
Менде мынандай сұрақ туындап тұр, егер мен egov порталының жеке кабинетінде менің дербес деректерімді заңсыз жинауды тапсам, кімге хабарласуым қажет?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Кабденов Жандаулет 13.10.2020, 10:35 Сұрақ нөмірі: 9715
Здравствуйте. Что такое общедоступные персональные данные?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)