Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 636
  • 28.07.2022, 10:00
  • 28.07.2022, 17:00
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Ажмуратов Гали 28.07.2022, 11:44 Сұрақ нөмірі: 11211
  • 0

Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ажмуратов Жазик 28.07.2022, 11:38 Сұрақ нөмірі: 11210
  • 0

Менің сауалыма жауап беруіңізді сұраймын. 2017 жылдан бері менің ұлым мемлекеттік қызметкер. Өзінің жұмыс штаты 2020 жылы қысқарып кеткендіктен негізгі қызметші бала күтіміне байланысты демалыста болғандықтан қазіргі таңда орнында уақытша жүр (декреттегі қызметшінің орында) Осы қызметте жүріп 2022 жылдың қаңтар айында декреттік демалысқа шықты. Және 15 мамыр айында еңбекке жарамсыздық уақыты аяқталды және 16 мамыр айынан бастап жұмысқа шықты. (негізгі мемлекеттік қызметші 2023жылдың қараша айына дейін бала күтіміне байланысты жұмысқа шықпаймын деп арызын жазған) 2021 жылдың маусым айының 19-ы күні жылдық ақы төленетін еңбек демалысын алды. Енді декреттік демалыстан жұмысқа шыққаннан кейін қайтадан ақы төленетін еңбек демалыс алуына болады ма? және қай уақытта алуға болады? (Негізгі қызметші бала күтіміндегі демалыста отыр) және жалпы декреттік демалыстан жұмысқа қосылғаннан кейін ақы төленетін еңбек демалысын қай уақытта алуға болады?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)