Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы

Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 147
  • 23.09.2024, 09:00
  • 30.09.2024, 18:00
  • ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Рахимбаева Загила 24.09.2024, 13:10 Сұрақ нөмірі: 13112
  • 0

Түркістан облысының прокуратурасы Менің арыздарым бойынша Түркістан облысы қазынашылық департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметінде тексеру жүргізді. Төлеби аудандық қазынашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) заңсыз іс-әрекеттері бойынша Басқарманың маманы Н. Амангелді «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) арқылы Төлеби ауданы әкімі аппаратынан (бұдан әрі – Аппарат) қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс түспеуіне қарамай, өздігінен Жүйеге заңсыз журнал ашу арқылы аппараттың қаржыландыру жиынтық және жеке жоспарларына өзгертулер енгізіп, Аппарат шотына негізсіз қосымша 42 млн теңге қаржы отырғызған. Әрі қарай, Аппарат есепшісі Б. Куандыков бұл жоспарланбаған, негізсіз «отырғызылған» қаржының қазынашылықта тіркелуіне жол бермеу мақсатында қандай да бір келісімшартсыз кәсіпкерлердің шоттарына бір күнде бірнеше рет жүз айлық есептік кӛрсеткішке дейін қаржыны бӛліп аударып, заңсыз комбинациялар кедергісіз одан әрі жалғасын тапқан (25.03. – 26.06.2021ж. аралығында жеке кәсіпкер «Аялаға» келісімшартсыз 27 траншпен 7,4 млн теңге, 2021ж. қараша және желтоқсан айлары аралығында жеке кәсіпкер «Ұлар шыңына» 5,5 млн теңге, 2021ж. ақпан желтоқсан айлары аралығында 94 траншпен жеке кәсіпкер «Мерейлімге» 26,8 млн теңге қаржы аударылған). Анықтама ретінде: 05.01.2022ж. жеке кәсіпкер «Мерейлім» бұл қаржының 20,9 млн теңгесін мемлекетке қайтарған, Шарттар бойынша кәсіпкерлерден қабылдап алған тауарларды басқа тұлға ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (1)

Рахимбаева Загила 24.09.2024 Сұрақ нөмірі: 13110
  • 0

Мен Рахимбаева Загила Тасбулатовна Түркістан облысы бойынша қазынашылыө департаментінің қызметкері болып Бас прокуратураған арызданғанмын. Түркістан облысының прокуратурасы, департаментке тексеру ашып, Менің арыздарым бойынша «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі» КММ-ның189 баппен қылмыстық-іс қозғап Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру агенттігіне жолдаған. Онымен қоса, Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінде қаржылық қаражат жинап, әрі қарай ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің басшылық лауазымындағы мемлекеттік қызметкердің отбасылық, емдік демалысын Сарыағаш шипажайында төлем аударымдары жүргізілгені анықталып, арнайы сұраныстармен расталған. Алайда прокуратура«Сіздің Түркістан облысына қызметтік сапармен келген Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тексерушілерін қонақ ретінде күтуге, облыстық қазынашылық департаментінің (бұдан әрі - Департамент) лауазымды тұлғалары қала,аудан қазынашылық басқарма басшыларынан негізсіз қаражат жинау фактісі туралы жолданымыңызды облыс прокуратурасы қарады. Департамент қызметкері А.Ж.Т. іс-әрекетінде ҚК 361-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалуына байланысты, 26.08.2024ж. көрсетілген факті облыс прокуратурасының арнайы есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.» деп арыздың негізін өзгертіп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қ ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (1)