«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту» тақырыбында өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 54
- 15.11.2024, 09:00
- 15.11.2024, 18:00
- Қызылорда облысы
Дауылбай Қаныш 15.11.2024, 15:11 Сұрақ нөмірі: 13228
Облысымыздың оңтүстік бағытына жүретін № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағытында қатынайтын пойызда жолаушыларға барлық жағдай жасалған, вагондары жаңа және өте таза, жаз күндері салқындатқышы жұмыс істейді, яғни көңілімізден шығып, халыққа ұнап жатыр. Осы «Қызылорда - Түркістан» пойызы одан әрі жалғасын тауып, халыққа қызмет ететін бола ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Адилбек Санжар 15.11.2024, 11:22 Сұрақ нөмірі: 13226
Құрметті Нұрлыбек Мәшбекұлы біз Қызылорда қаласының Орбита Саяжайының тұрғындары біраздан бері шешілмей келе жатқан мәселеміз қоғамдық көлік мәселесі болып отыр. Бізге тұрақты автобус маршруты қашан ашылады екен?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қалиева Мөлдір 15.11.2024, 11:04 Сұрақ нөмірі: 13225
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы көршілес облыс орталықтарымен көлік қатынасы ұйымдастырылған. Дегенмен, Жамбыл облысы Тараз қаласына автобус маршруты жоқ. Алматы қаласына баратын автобус үлкен жол салынған соң Тараз қаласын айналып өтетін болды. Осыған байланысты “Қызылорда-Тараз” маршруты қашан ашылады екен?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)